Елімізде кредиттің пайыздық ставкасы төмендейтін болды

24.07.2024, 10:55
4812
Елімізде кредиттің пайыздық ставкасы төмендейтін болды ашық дереккөзден

Пайызды төмендетіп, халықтың қарыз алу деңгейін азайтуға тырыспақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы ставканы төмендететін қаулы жобасын әзірледі.

Микрокредит бойынша сомасы 45 АЕК (166 140 теңге) дейінгі және 45 күнге дейінгі күнделікті номиналды мөлшерлеменің шекті мөлшерін 1%-дан 0,3%-ға дейін төмендету ұсынылады.

Сонымен бірге жылдық тиімді ставканың шекті мөлшерін 179% деңгейінде белгілеу ұсынылады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциалдық реттеу департаментінің директоры Дәурен Сәлімбаевтың айтуынша, жалақыға дейінгі қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер шамамен 3 есе төмендейді.

Бұған дейін қысқа мерзімді микрокредиттердің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі бойынша еш шектеу болмаған.

Мұндай қарыздар бойынша шекті номиналды мөлшерлеме белгіленген. 

Мысалы, 45 күнде 20% мөлшерлемемен нақты жылдық тиімді мөлшерлеме 346% болатын. Тәулігіне 1% және 20% ставка кезінде 20 күн ішінде ЖЭС 2 600% асады. 

Бұдан басқа, қазіргі уақытта банктер мен микроқаржы ұйымдарының кепілсіз қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі — 56%. Бұл мөлшер 2012 жылы белгіленді және содан бері қайта қаралмады.

Сондай-ақ, әзірленген қаулы жобасы банктердің кепілсіз кредиттері бойынша шекті жылдық мөлшерлемені 56%-дан 46%-ға дейін, кепілді кредиттер бойынша 40%-дан 35%-ға дейін төмендетуді көздейді. 

«Кредит ставкасының төмендеуі халықтың борыштық жүктемесінің төмендеуіне ықпал етеді, яғни қазақстандықтар рәсімдейтін барлық жаңа қарыздар анағұрлым төмен мөлшерлемемен болады және тиісінше осы кредиттерге қызмет көрсету құны борыштық жүктеме сияқты төмен болады», — деді Дәурен Сәлімбаев.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді