1652

«Құшағы кең, жүрегі жылы»: Балжан Бидаштың Баян Мақсатқызына еркелеп отырған сәті жұртты сүйсінтті

Желі қолданушылары мұны өнер иелерінің бір-біріне қолдау көрсеткені деп түсінді.

«Құшағы кең, жүрегі жылы»: Балжан Бидаштың Баян Мақсатқызына еркелеп отырған сәті жұртты сүйсінтті
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Балжан Бидаштың продюсер Баян Мақсатқызымен бірге отырған сәтте түсірілген видеосы жұртты сүйсінтті. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Бейнежазбадан әншінің продюсерге еркелеп отырғанын көруге болады. Баян Мақсатқызы Балжан Бидашқа мейіріммен қарап, сөйлеп жатқаны көрінеді. Желі қолданушылары мұны өнер иелерінің бір-біріне қолдау көрсеткені деп түсінді. 

"Оның құшағы кең, жүрегі жылы. Баян Мақсатқызы. Алғыс айтқың келетін адамды белгілеп кет", - деп жазды Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор