«Ұрылар көп»: демалыста жүрген Жұлдыз Әбдукәрімова Барселона туралы ойын айтты

Аиса Махамбет Редактор
24.07.2024, 16:48
1043
«Ұрылар көп»: демалыста жүрген Жұлдыз Әбдукәрімова Барселона туралы ойын айтты жеке парақшасынан

Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімова балаларымен Еуропада демалып жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жақында Барселонаға табан тіреген актриса қалаға қатысты өз ойын бөлісуді де ұмытқан жоқ. Жұлдыз Әбдукәрімова қала туралы пікірін Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Барселона менің көзіммен… Бұл қалада көне архитектурамен қатар, заманауи зәулім сарайларды да кездестіресіз. Әр үйдің төбесінде серуендеуге арналған верандалар бар. Қылтималар (балкондар) тіпті ерекше. Жазы ыстық. Ал қыста (+12+18️) үйлер керекті деңгейде жылытылмайды. Суды әр отбасы мүшелеріне сай өлшеп жаратады. Қала көшелерінде ұрылар көп. Алайда туристер оларды жазалай алмайды.

Барселонаның жануарлар әлеміндегі символы – есек пен мысық. Көшелердегі сары ленталар – "Каталония - не Испания" дегенді білдіреді.

"Барселона опера театры" Еуропадағы ең сәнді театр болып саналады. 1994 жылы театрдың ескі ғимараты өртке оранған. Кейіннен ол қайырымды жандардың көмегімен қайта қалыпқа келтірілді. Көптеген әлемдік опера жұлдыздары арнайы концерттер өткізіп, түскен барлық қаражатты театр құрылысына аударған. Ұлы суретші Пабло Пикассо өз туындылары үшін осы қаланы таңдаған.

Өткен ғасырдың ортасында ашылған Барселонадағы "Камп Ноу" стадионы – әлі де сыйымдылығы жағынан Еуропадағы ең үлкені. Онда 100 000-ға дейін көрермен бір уақытта футбол матчтарын көре алады. Дәл қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Барселона аумағында Испаниядағы ең үлкен қалалық саябақ Монжуик орналасқан. Ауданы 203 гектарға дейін. Еуропадағы алып саябақтардың тізіміне енгізілген", - деді ол.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)