«Осылай нақты айтатын имамдар керек»: Депутат қара жамылғандармен күресуге шақырған Нұрлан имамды қолдады

24.07.2024, 19:58
1258
«Осылай нақты айтатын имамдар керек»: Депутат қара жамылғандармен күресуге шақырған Нұрлан имамды қолдады коллаж smartnews.kz

Депутат бұл пікірін әлеуметтік желіге жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов елемізде қара жамылғандар көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Сонымен қатар депутат уағыз айтатын имамдар ресми түрде Мүфтиятқа қатысты тек Әбу Ханифа мазһабын ұстанатындар ғана болуы міндетті екенін айтты. Депутат бұл пікірін Нұрлан имамның қара жамылғандарды қатты сынап жатқан видеосын әлеуметтік желіге сала отырып, жариялады.

Осылай нақты айтатын имамдар керек. Және олар ресми түрде Мүфтиятқа қатысты имамдар ( Нұрлан имам сияқты) тек Әбу Ханифа мазһабын ұстанатындар ғана болуы міндетті. Соңғы кезде қазақ ұлтының ежелден келе жатқан анау дәстүрі харам, мынау заты сәйкес келмейді, мына киім дұрыс емес деп арандататын “уағыз” айтатындар көбейді", – деді Мұрат Әбенов.

Сондай-ақ ол салт-дәстүрді дәріптеуде де діннің шиеленісіп кеткенін жасырмады.

“Домбыра тартпа, сәлем салма, бетті ашпа, тұсау кеспе” деп халықтың ашуын туғызатын насихатшылар пайда болды.

​Қазақ ислам ді­­нінің "Әбу Ханифа" мазһабын, яғни Ха­нафи бағытының байырғы түркілік салт-дәс­түрдің ислам дініне қайшы келмейтін тұс­тарын сақтап қабылдаған.

Мысалы, қазақ даласында адам қайтыс болғаннан кейін дүние-мүл­кімен, мінген атымен жерлеу дәстүрі болғанын археологиялық қазбалардан көреміз.

Олар исламға қайшы келетін болғасын осы жерде тұрғандар сол баяғы кездерде ол дәстүрден бас тартқан.

Демек қазақтың осы кез­ге дейін орныққан салт-дәстүрлерінің бә­рі дінмен үйлескен, сәйкес келтірілген ұлттық құндылық.

Оларды қазір ревизия жасап, жоққа шығарудың қажеті жоқ.

Бізге Ханафи мәзһабы Ислам құндылықтарын ұлттық салт-дәстүрлермен ұтымды ұштастыра білгені үшін аса маңызды", – деді депутат.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)