Кесарево жасалған: 12 жасында бала босанған қыздың жағдайы белгілі болды

25.07.2024, 10:29
4859
Кесарево жасалған: 12 жасында бала босанған қыздың жағдайы белгілі болды depositphotos.com

Павлодар облысында 12 жасында өмірге бала әкелген қыздың жағдайы белгілі болды. Дәрігерлер қыздың қалай босанғанын айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 12 жастағы мектеп оқушысы кесар тілігі арқылы босанып, қазір сәбиімен бірге ауруханада жатыр.

Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлерінің айтуынша, кәмелетке толмаған бала жүктілік кезінде үнемі бақылауда болған. Мектеп оқушысының келбетіндегі өзгерістерді байқаған мұғалімдер дәрігерлерге хабарласқан көрінеді. Жүктілігі расталғаннан кейін қыз жүкті әйелдер патологиясы бөліміне жатқызылды.

"Қызға қауіп төніп тұрмағанын, баланың жағдайын анықтау үшін тексеру жүргіздік. Он күн ауруханада жатққаннан кейін үйге шығардық. жүктіліктің 34-ші аптасында қыз бізге УЗИ-ге келді. Жүктілік қалыпты еді, ұрық мерзіміне сәйкес дамып жатты, ешқандай ауытқулар байқалмады", – деді Павлодар облыстық орталығы директорының міндетін атқарушы Инесса Высоцкая.

Дәрігердің пікірі Павлодар облысының балалар омбудсменінің әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Ресми мәлімет бойынша, 19 шілдеде жедел жәрдем бригадасы кәмелетке толмаған қызды толғақпен перинаталдық орталыққа жеткізген.

“Қызды тексергеннен кейін оған жедел түрде кеср тілігі жасалды. Салмағы 3360 келі қыз бала дүниеге келді. Қазір анасы мен баласы дәрігерлердің бақылауында. Қазір нәресте жасанды жолмен тамақтандырылуда. Жас ана да дәрігерлердің қамқорлығында", – деп түсіндірді Высоцкая.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды