Динара Зәкиева жалғызбасты ерлердің бала асырап алуына қарсы шықты

25.07.2024, 11:14
1286
Динара Зәкиева жалғызбасты ерлердің бала асырап алуына қарсы шықты iStock

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева ерлердің бала асырап алуына қарсы шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, еліміздің Конституциялық соты ерлер мен әйелдер бала асырап алғысы келетіндердің тізімінде тең дәрежеде екенін жеткізді. Осы орайда сала мамандары бұл шешімнің қаншалықты орынды-орынсыз екеніне тоқталды. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева ұсынылған өзгерістермен келіспейтінін білдіріп, балаларды ресми некеде тұрмаған ер адамдардың қамқорлығына беруге тыйым салу керектігін айтып отыр. 

«Мен және бала құқығын қорғау комитеті осы мәселені талқылау кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес некеде тұрмаған ер адамдарға бала асырап алуға салынған тыйымды күшінде қалдыру қажет деген ұстанымнан айныған жоқпыз», — дейді Динара Зәкиева. 

Уәкіл Конституциялық соттың шешімі аясында заңнамаға өзгеріс енгізу кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық тетігін қарастыру қажеттігін атап өтті.

«Бала асырап алуға ниеттілерге қойылатын шарттарды қатаңдату, сондай-ақ олардың асыраушы ата-ана мектебінде оқып, білімін жетілдіруін талап ету керек сияқты. Сонымен қатар, баланы бауырына басқан ата-ананы Балаларды қолдау орталықтары арқылы сүйемелдеу көзін қарастырған жөн», — деп толықтырды балалар омбудсмені. 

Бұған дейін қоғам қайраткері әрі көпбалалы әке Нұркен Халықберген пікірін білдірген болатын.

Ол бала асырап алу мәселесінде кемсітушілік немесе жыныстық теңдік мәселелерін емес, ең алдымен баланың мүддесін ескеру керек деп санайды. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды