1252

Назарбаевты мазақ етіп, бетіне секірген жігіттің видеосы қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)

Экс-президент жігітті сотқа бере алады.

Назарбаевты мазақ етіп, бетіне секірген жігіттің видеосы қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде жас жігіт Нұрсұлтан Назарбаевтың портретін аяққа таптап, экс-президентті мазақ еткен видео тарады.

Видеоның нақты қай қалада түсірілгені белгісіз. Кадрдан жас жігіттің жердегі портрет үстіне секіргені, сондай-ақ оны қолымен ұрғаны анық көрінеді. Сондай-ақ балағат сөздерді де естуге болады.

Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаевты көпшілік алдында қорлағаны үшін тағайындалатын қылмыстық жауапкершілік 2023 жылы алынып тасталған. 

Дегенмен экс-президент бұл жігітті сотқа бере алады.

Әлеуметтік желідегі қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды. Кейбір азаматтар жас жігіттің әрекетін қолдаса, енді біразі кім болса да құрметпеу қарау керектігін ескертті.

Материал авторы