1038

Мектеп жиналысында балағат сөз айтқан ата-ана 73 мың теңге айыппұл төледі

Ата-ана WhatsApp мессенджерінде боқауыз сөз айтқан.

Мектеп жиналысында балағат сөз айтқан ата-ана 73 мың теңге айыппұл төледі
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақсу қаласындағы мектептердің бірінде WhatsApp мессенджері арқылы өткен ата-аналар жиналысында ересектердің бірі балағат сөз айтқан.

Полиция оған қатысты әкімшілік материал толтырып, сот 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды.

Белгілі болғандай, Ақсудағы мектептердің біріндегі 2-сынып ата-аналары WhatsApp мессенджері арқылы мектеп жиналысын өткізген.

Әңгіме барысында ата-аналардың бірі балағат сөздер айтқан. Ата-аналар оның бұл әдепсіздігін ұнатпай, арыз жазған. 

— Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша, яғни қоғамдық орында айналасындағыларға балағат сөздер айтып, әдепсіздік білдірген ер адамға қатысты әкімшілік материал толтырылды. Материал сотта қаралып, оның шешімімен заң бұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Айта кетейік, жыл басынан бері осындай фактілер бойынша Ақсу өңірінің 124 тұрғыны жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Ақсу қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Жүнісов.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор