Университетте оқығысы келетіндерге пайызсыз несие беріледі

25.07.2024, 14:41
918
Университетте оқығысы келетіндерге пайызсыз несие беріледі sputnik

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда жоғары білім алу үшін пайызсыз несие берілетінін мәлімдеді. Ол жыл соңында іске қосылады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, министр мұндай тәжірибе АҚШ-та қолданылатынын айтты. 

Енді қазақстандық талапкерлерге де қолжетімді болады. Министрлік бірнеше екінші деңгейлі банктермен және қаржы орталығымен бұл мәселе шешіліп жатқанын хабарлады. Заң жобасын дайындау соңғы кезеңде тұр.

Бұл құралды Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздегі жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін енгізгелі отыр. Саясат Нұрбек қазақстандықтар пайызсыз несиеден бөлек, жинақ ақшасын пайдалана отырып, "Балаларға арналған ұлттық қор" бағдарламасын пайдалана алатынын айтты. Сондай-ақ осы жылдан бастап министрлік "Келешек" жүйесін іске қосады. Аталған бағдарлама аясында талапкерлердің ата-аналары мемлекеттік және банктік сыйлықақылар есебінен бастапқы капитал есебінен білім алуға қаражатты өз бетінше тарта алады.

“Ал төртінші құрал – сараланған гранттар. Биыл гранттарды бөлу аясында пилоттық жоба іске қосылды. Егер бала жақсы балл алса, бірақ таңдаған мамандығына бәсекелестік жоғары болса - бізде 100 балл да, 115 балл да грантқа түспейді. Өйткені бәсекелестік өте жоғары және бала грантқа түсе алмай қалуы да мүмкін. Мұндай жағдайда гранттардың 75, 50 пайызын қосымша беруге дайынбыз", – деді министр. 

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді