«Өлімдерінің себебі – сөз киесі»: Айнұр Тұрсынбаева ұлы тұлғалар өз өлімін сұрап алғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
25.07.2024, 15:52
13815
«Өлімдерінің себебі – сөз киесі»: Айнұр Тұрсынбаева ұлы тұлғалар өз өлімін сұрап алғанын айтты коллаж smartnews.kz

Айтыскер ақын оқырмандарын жақсы сөз айтуға шақырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Айнұр Тұрсынбаева ұлы тұлғалардың өлімінен мысал келтіріп, сөздің киесі туралы сөз етті.

«Сөздің киесі бар. Қыршынынан қиылған Денис Теннен "спортта қай жасқа дейін жүресің?" деп сұрағанда, "25 жасқа дейін" деп жауап берген. Оның 25 ке жетпей қаза тапқаны естеріңізде шығар...

Оразалы Досбосынов деген алапат ақын досым көбінесе сөзді:
"Атым Ораз болғанмен,
Отыздан жасым аспаған,
Иегін сақал жаппаған.
Сүйінбаймын, Жамбылмын,
Таңжырықпын, Шарғынмын" деп бастайтын...

Шынында жасы отыздан аспады, небәрі 29 жасында жарық дүниемен қош айтысып кете берді. Кейін Оралдан Асылбек Исщанов деген ақын бала шықты. Сол бала өзінің ең соңғы айтысында:

"Бір күнде бес ақынмен,
Айтысып бәрін жеңетін,
Оразалының жолын бер" деп жырлаған екен. Арада көп уақыт өтпей жап-жас Асылбек тура Оразалы ағасы құсап жол апатынан қаза тапты.

Атақты Жәнібек Кәрменовтың керемет термесі бар, сол терменің ішінде "Жалғыз шықпа сапарға, өкініште қаларсың" деген жолдар бар.. Сол Жәнібек ағамыздын жолға жалғыз шығып кетіп жүрегі тоқтап қалып, жол апатына ұшырап қайтыс болғанын біреу біліп, біреу білмес...

Атақты Мұқағалидың да:
"Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде,
Қырықтың бесеуінде" деген өлеңі бар.. Ақиық ақын шынында 45 жасында дүниеден өткен еді», - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Сондай-ақ ол хадистен мысал келтірген.

«Біз көбінесе сөзге мән бермей жатамыз. Әсіресе, ашулансақ, балаларға ұрыссақ артық кетіп қаламыз. "Өстіп жүріп бір бәлеге ұрынасың, суық тиіп өлесің, оқудан шығарып жібереді, адам болмайсың, енеңнен таяқ жейсің, басыңды асырай алмайсың" деген сияқты артық сөздерді айтып жібереміз. Исламда "жақсы сөз сөйле, болмаса үндеме" деген xадис бар. Ендеше жақсы ойлап, тек қана жақсы сөз сөйлеп үйренейік. Сонда бәрі де жақсы болады!», - деді ол.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады