12 жаста босанған қыздың отбасы жайлы жаға ұстатар деректер айтылды

Аиса Махамбет Редактор
25.07.2024, 16:59
5508
12 жаста босанған қыздың отбасы жайлы жаға ұстатар деректер айтылды instagram / rupr.pvlshakeneva

Олар Моңғолиядан Қазақстанға көшіп келген боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева 12 жасында балалы болған қыздың үйінде болды. Оның отбасы Моңғолиядан Қазақстанға көшіп келген. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

Отбасы Павлодар облысының Галкино ауылында тұрады. Олар 2019 жылы екі баламен Моңғолиядан көшіп келген.

 

"Қазақстанда тағы 3 бала дүниеге келді, қазіргі уақытта ана 2022 жылы туған кішкентай баланың күтімі бойынша демалыста. Анасы оқи да, жаза да алмайды. Тек өз атын жаза алады, құжаттарға солай қол қояды. Отағасы 6 сыныпты бітірген, ешқандай мамандығы жоқ. Мезгілдік жұмыс ретінде мектепте от жағушы болып жұмыс істейді. Қазіргі уақытта жұмыс істемейді", - деді Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі.

Ата-ана үлкен қыздарының жүктілігі туралы 2024 жылдың 3 сәуірінде мұғалімдерден білген. Сол күні УДЗ жасалып, жүктілік расталған. УДЗ-дан кейін қыз 19 шілдеге дейін аудандық ауруханада дәрігерлердің бақылауына алынған.

"Ауруханада мектеп басшылығы оқу жылының соңына дейін онлайн оқытуды ұйымдастырды. Ауруханада болған 3 жарым ай бойы болашақ ана мектеп педагогикалық құрамының жеке қаражаты есебінен киім-кешек, аяқ киім, жуғыш заттар және азық-түлікпен қамтамасыз етілді", - деді Сәуле Шәкенева.

Дәрігерлер ерте жүктілікті сақтап қалып, 12 жастағы қыз салмағы 3 360 грамм болатын сау қызды дүниеге әкелді.

Сәуле Шәкенева облыстық перинаталдық орталықтан шыққаннан кейін ана мен сәбидің одан әрі тұратын орны туралы мәселе жақын арада шешілетінін атап өтті. Ата-анасы қыздарына қатысты зорлық-зомбылық фактісі туралы білмеген және күдіктенбеген. Олардың туысы қызды зорлағаны үшін күдікті деп танылды. Ата-анасы олармен қарым-қатынасты тоқтатқанын айтқан.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды