«Баланың жазығы не»: Талдықорғанда 7 жылға сотталған бухгалтердің бірінің екі айлық сәбиі қалды

Аиса Махамбет Редактор
25.07.2024, 20:39
1197
«Баланың жазығы не»: Талдықорғанда 7 жылға сотталған бухгалтердің бірінің екі айлық сәбиі қалды бейнежазбадан алынған кадр

Талдықорғанда мектеп пен білім бөлімінің 21 есепшісі қаржы жымқырды деген айыппен сотталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, айыпкерлердің арасында екі айлық сәбидің анасы да бар. Журналист Сандуғаш Дүйсенова анасына қатысты сот шешімімен келіспей мәлімдеме жасады. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

Таяуда Талдықорған қалалық білім бөлімі мен мектептердің бір топ бухгалтерлері мемлекет қазынасының ақшасын жымқырды. Осылайша сотқа 21 адам жауапқа тартылған еді.

Жоғарғы соттың мәліметінше, білім басқармасының бас есепшісі 3 жыл бойы ұрлықпен айналысқан бір топ әріптесін басқарып отырған. Оның құрамына 7 бөлім мен 14 мектеп есепшісі кірді.

Журналист Сандуғаш Дүйсенованың айтуынша, сотталғандардың бірі Дана Шәріпованың емшектегі екі айлық сәбиі бар. Сот барысында әйел босанған екен.

"Судья мына екі айлық баланы жетім қалдырып, анасынан айырды. Ол қамауға алынды. Екі айлық баланың жазығы не? Енді оны кім тамақтандырады? Оған кім қарайды? – дейді журналист.

Сол сәбидің анасы енді жеті жылға сотталып отыр.

"Мен олардың кінәсі жоқ, олар кінәлі деп айтпаймын. Бірақ бұл сәбидің анасын тастап кетуге болатын еді!", – дейді Сандуғаш Дүйсенова.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырып, ұйымдасқан бухгалтерлер тобының ісі қаралды. Сот кезінде 3 жыл бойы Талдықорған білім бөлімінің бас бухгалтері С-мен және әріптестерінен құралған (7 білім бөлімі және 14 орта мектеп) қылмыстық топ ұйымдастырған. Оның басшылығымен ұйымдасқан топ алдын ала сөз байласу арқылы жалған жұмыскерлерге және мектеп қызметкерлеріне белгіленген лауазымдық жалақыларынан тыс жалақы есептеу арқылы 4,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды