3796

«Тұрмысқа шығуға келіспеген соң, зорлаған»: Шымкентте 20 жастағы қызды алып қашты

Қыз көнбеген соң оны зорлап тастаған.

«Тұрмысқа шығуға келіспеген соң, зорлаған»: Шымкентте 20 жастағы қызды алып қашты
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте 20 жастағы қызды алдымен үйлену мақсатында ұрлап әкетіп, кейін зорлаған.

EGOV.PRESS-тің Telegram арнасы таратқан ақпаратта қыз тұрмысқа шығуға қарсы болғаны айтылады.

Шымкенттік ер адам алдымен 20 жастағы қызды ұрлап әкеткен, қыз келіспеген соң, оны зорлаған. Жігіттің туыстары қыздың ата-анасына «қуанышты» хабарды жеткізіп, жәбірленушінің жақындары екеуін үйлендіруге келіскен. Алайда қызды құрбылары құтқарып қалды, - деп жазылған Telegram арнада.

Шымкент полиция департаменті осы фактке қатысы бар тұлғалардың полицияға жеткізілгенін хабарлады.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Материал авторы