«Өртейміз»: көлікке «жанармай» құйған Бағлан Әбдірайымов жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
26.07.2024, 11:30
2168
«Өртейміз»: көлікке «жанармай» құйған Бағлан Әбдірайымов жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Әбдіжаппар Әлқожа өнердегі ағасына айыппұл туралы айтып, ескерту жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бағлан Әбдірайымов көлігін өртеуге қатысты видео жариялады. Осылайша өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында көпшілікке пранк жасады. 

Жақында жаңа фильмін таспалаған әнші бірнеше көлік пен ақшалай сыйлық ойнатып жатыр. Бірнеше айға созылған бұл науқанға қатысатын халық қарасы да аз емес. Күні кеше әнші осы байқау аясында көлігін өртеуге қатысты видео жариялады. Онда Бағлан Әбдірайымовтың KIA маркалы темір тұлпарға жанармайға ұқсас сұйықтық құйып жатқанын байқауға болады. Сәлден соң өнер иесі мұның әзіл екенін айтады. 

«Достар, автокөлікті өртеп жібереді деп ойладыңыздар ма? Жоқ, біз аманатқа қиянат жасамаймыз. Дәл осы көлікті ертең сіздерге сыйлаймыз және тағы екі автокөлігіміз бар. 30 адамның 100 мың теңгеден қарызын жабамыз деген ниеттеміз. Тек кино көрген көрермен үшін ғана», - деді ол. 

Мұны көрген көпшілік Бағлан Әбдірайымовтың әрекетіне шүйлікті. 

«Не болып кеттіңдер?», «Бұл кісі де 18 тәулікке барып келгісі келіп жүрген сияқты», «Атың шықпаса, жер өрте деуші еді ата–бабамыз», «Неге бір-біріңнен көргеніңді жасайсыңдар?», «Бұл ерке бозбаланың тірлігі ғой, өртеме», - деп жазды жұрт.

Пікір жазғандардың арасынан Әбдіжаппар Әлқожа да табылды.

«Алатау ауданы әкімдігі айыппұл салады. Бәке, байқаңыз. От жаққанды көрдік. Айыппұлын төлеп, түсініктеме жаздық», - деді әнші. 

Айта кетейік, осыған дейін Әбдіжаппар Әлқожа қамауда жатқанда киген киімін өртеген еді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады