Париж-2024: жарыс алдында дене қыздырған Әбиба Әбужақынованың видеосы елді сүйсінтті (ВИДЕО)

27.07.2024, 13:31
1749
Париж-2024: жарыс алдында дене қыздырған Әбиба Әбужақынованың видеосы елді сүйсінтті (ВИДЕО) olympic.kz

Әбиба дәл қазір бақ сынайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Париж Олимпиадасында бақ сынайтын қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова жарыс алдындағы көңіл күйі қандай екенін айтты.

Жарыс алдында дене қыздырған Әбиба Әбужақынованың видеосын Qazaqstan телеарнасы Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Кадр сыртындағы ер адам спортшыдан "Көңіл күйің қалай?" деп сұраған. Оған дзюдошы "Керемет, аға!" деп жауап берді.

Видеоны көрген желі қолданушылары спортшы қызға сәттілік тіледі. 

"Алла қолдап, алтын бұйырсын", "Бағың мен бабың қатар шапсын", "Қобалжу бар шамалы жүзінде. Сәттілік, Әбиба. Жеңесің!", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бүгін сағат 13:55-те дзюдошылар сынға түседі. Әбиба Әбужақыноваға Израиль спортшысы Широ Ришони қарсылас болады. Ал ерлер арасындағы сайыста спортшымыз Елдос Сметов Нидерландыдан келген Торнике Чакадуамен күш сынасады.

Еске салсақ, Париж Олимпиадасында 27 шілдеге арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін жариялаған едік.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген