СҮЙІНШІ!!! Ислам Сәтпаев пен Александра Ле олимпиаданың қола жүлдегерлері атанды!
Еліміз олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін қоржынға салды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.
Ислам Сәтбаев пен Александра Ле пневматикалық оқ атудан сайысқа түсіп, Германия құрамасын жеңді.
Осылайша жалпы командалық есепте еліміз олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін қоржынға салды.

Дәл қазіргі сәтте Қазақстан рейтиң бойынша бірінші орында тұр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші