Әнұран орындаған чемпион Елдос Сметов көзіне жас алды (ВИДЕО)
Әнұранымыз Парижде шырқалды!
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Елдос Сметов дзюдодан алтын иеленіп, Қазақстанның көк туын көкке көтерді.
Париж олимпиадасының финалында Елдос жергілікті француз спортшы Лука Мхейдзені ойсырата жеңіп шыққан еді.
Осылайша Елдос Сметов - Франциядағы Париж олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғаш боп алтын жүлде қосқан дзюдошы болды.
Айта кетейік, 32 жастағы Елдос Сметов үшінші рет Олимпиадаға қатысып жатыр. Ол Рио-2016 бәсекесінде күміс, Токио-2020 додасында қола медаль еншілеген еді. Сондай-ақ Елдос маусымда үш қазақстандық дзюдошының арасында өткен іріктеу белдесулерінде жеңіске жетіп, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші