SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, заңнамаға сәйкес қазақстандық Олимпиада чемпионы 250 мың доллар (118 миллион теңгеден астам) алады.
Сонымен қатар күміс жүлдегерлер 150 мың доллар (71 миллион теңге), қола жүлдегерлер 75 мың доллар (35 миллион теңгеден астам) алады.
Сондай-ақ 4, 5 және 6-орынға сәйкесінше 30, 10 және 5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.
Айта кетейік, 32 жастағы Елдос Сметов үшінші рет Олимпиадаға қатысып жатыр. Ол Рио-2016 бәсекесінде күміс, Токио-2020 додасында қола медаль еншілеген еді. Сондай-ақ Елдос маусымда үш қазақстандық дзюдошының арасында өткен іріктеу белдесулерінде жеңіске жетіп, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын.