Елдосты қолдау үшін жұмыстан сұранып келдік – қазақстандық азаматтар

28.07.2024, 11:10
1310
Елдосты қолдау үшін жұмыстан сұранып келдік – қазақстандық азаматтар kazinform

Францияда жұмыс істеп жүрген жігіттер Елдосқа қолдау білдіру үшін арнайы келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Францияда  өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Париж қаласында жұмыс істеп жүрген бір топ қазақ азаматтары көзге түсті. Олар арнайы Елдос Сметовқа қолдау көрсету үшін жұмыстарынан сұранып, жарысқа келгендерін айтып берді. Бұл туралы Kazinform жазды.

«Біз негізі Батыс Қазақстан облысының жігіттеріміз. Парижде жұмыс істеп жатқанымызға 3 айға жуықтап қалды. Алайда, жұмыс орынымыз қаладан әжептәуір алста, шамамен 50-60 шақырымдай жерде заводта еңбек етіп жатырмыз. Бүгін, Елдос Сметов жарысқа шығатынын естіп, арнайы жұмыс орынымыздан сұранып келдік. Бекер келмеген екенбіз, Елдостің тарихи жеңісіне бірге куә болдық», - дейді қазақ азаматтары.

Сондай-ақ жігіттер алдағы қазақ спортшыларының жарыстарына тағы да келіп, қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді.

«Біз, тек Елдосқа ғана емес, барлық қазақстандық спортшыларға, отандастарымызға қолдау көрсетуге дайынбыз. Алдағы күндері тағы да жарысқа келеміз. Жерлестерімізге барынша қолау көрсетуге, жанкүйер болуға дайынбыз», - деді олар.

Әңгіме барысында қазақ азаматтарынан неге Парижде жұмыс жасап жатқандарын, алатын жалақы мөлшерін де сұрап қалдық.

«Біз Қазақстанда өліп-талып үш ай жұмыс жасағадағы табатын ақшамызды осында бір айда тауып жүрміз. Қазіргі жұмысымыз өзімізге ұнайды. Үш ай көлемінде елге бір барып тұрамыз», - деді жігіттер.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиаданың алғашқы күні қазақстандық спортшылар ел қоржынына 1 алтын, 1 қола медаль салды.

Орал тұрғыны өз айыппұлын ұйықтап жатқанда досының телефоны арқылы төлеген 21 жастағы жігіт ойын үшін төрт бірдей туысын пышақтап тастаған Бүгін Қазақстанның барлық аймағында жел күшейіп, бұрқасын соғады Қарт әкесін еркелетіп, қасықтан ас ішкізген Мадияр Серікбаев елді сүйсіндірді (ВИДЕО) Хиджаб киіп, Мәдина қаласында жүрген Ақбота-Нұр көпті таңғалдырды Семейдегі оқушы қыздардың төбелесі жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО) Израиль қажет болған жағдайда Газадағы соғысты қайта ашатынын ескертті «Өтемақыны ұрлады»: ұшақ апатында мерт болған бортсеріктің ата-анасын алаяқтар алдап кеткен Қамшыбек Қоңқабаев бокстан кетті Алматы облысында полицейлер жас қыздың өмірін сақтап қалды Қазақстанда картоп бағасы шарықтап кетті: Үкімет не дейді Автобусты соғып, бір адамды қағып қашып кеткен атыраулық ұсталды АҚШ-та TikTok желісіне тыйым салынды QazNews24 cатиралық парақшасының авторы екі айға қамауға алынды «20 қария таяқ жеп келген»: Павлодардағы пансионатта қарттардың пәтерін жалдап, өздерін ұрып-соққан қылмыстық топ ұсталды «Басына операция сәтті жасалды»: адвокат Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы айтты 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды «Орамал мен тоқалдан басқа ештеңе айтпайды»: Айгүл Орынбек Тазабековке шүйлікті 2024-те қайтыс болған адамның 23-і донор болған Семейде полиция Плюшкин синдромымен ауыратын ұрыны ұстады