2720

Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев алғашқы жеңісіне жетті

Париж-2024: Ғұсман екінші айналымға өтті.

Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев алғашқы жеңісіне жетті
olympic.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ғұсман Қырғызбаев қарсыласын жарыстан шығарды.

Дзюдодан 66 келі салмақта бақ сынап жүрген отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев 1/16 айналымда Испаниядан келген Давид Гарсия Торнемен белдесті. Аталған жекпе-жекте Ғұсман қарсыласын вазари әдісі арқылы жеңіп шықты.

Айта кетсек, Ғұсман 1992 жылғы 28 қыркүйекте қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген. 2021 жылы Будапеште өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2019 жылы Фуджейрада, ал 2022 жылы Астанада өткен Азия чемпионаттарының қола жүлдегері. Париждегі жекпе-жек арқылы Ғұсман алғаш рет Олимпиада ойындарында қатысып тұр.

Материал авторы