«Әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр»: Әнші Ұланғасыр Қами бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Аиса Махамбет Редактор
28.07.2024, 16:56
1580
«Әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр»: Әнші Ұланғасыр Қами бас бостандығынан айырылуы мүмкін бейнежазбадан алынған кадр

«Әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр» деген әнші Ұланғасыр Қамиге бас бостандығынан айырылу қаупі төнді. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, басы дауға қалған әншінің сөздеріне құқықтық баға берілмек.

Қоғам белсендісі Саида Сисембаева ішкі істер министрлігіне әншінің үстінен арыз түсірген. Белсенді Қами қылмыстық кодекстің 174 бабын бұзды деп санайды. Яғни әлеуметтік, гендерлік, діни алауыздықты қоздырған. Әрі мұны әйелдерге жасалған зорлық-зомбылықты ақтау әрекеті деп атады.

Заңгер Нұрболат Ибраев тәртіп бәріне ортақ болғандықтан, танымал тұлғалардың да жауапқа тартылғанын көрсеткен дұрыс дейді. Сөзінше, бұл көпшілікке сабақ болады.

Өткенде әртістеріміз – Қайрат Нұртас болсын, басқаның болсын жазаға тартылғанын  көрсетіп жатқаны өте дұрыс. Себебі адамдар «бұдан құтылып кетуге болады ғой, басқа тәсілдері бар» деген ойдан аулақ болып, қандай да бір әкімшілік, қандай да бір заңға қайшы әрекет жасағанда, оған тиісті жаза бар екенін біледі, – деді заңгер Нұрболат Ибраев.

Актер Уәлибек Әбдірайымов өнердегі інілерінің тәртіп бұзып, жаза арқалауы ел талқылайтын, дүрлігетін дүние емес деп санайды. Сөзінше, мемлекетте одан да маңызды мәселелер бар. 

15 жылға қамалып шыққан адам сияқты. Енді бір сұмдық. Адамның күлкісі келеді. 15 күнге қамалып шығып келе жатса, алдынан әке-шешелері күтіп жатыр. Бір соғыстан зардап шегіп, осы Қазақстан үшін жанын пида қылғандай. Немесе ұшақта төбелесіп, сол ұшақтағы террористтерді ұстап содан қамалған баланы шығарғандай. Құқық қорғау органы ортақ екенін бір білдіріп қойды. Заң ортақ. Тәртіп бұзбау керек, – деді өнер иесі Уәлибек Әбдірайымов.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды