«60 күн ауруханада жатып, үш рет жансақтау бөліміне түсті»: Дәулет Мұқаев марқұм анасына арнап, жазба жариялады

Аиса Махамбет Редактор
29.07.2024, 11:51
952
«60 күн ауруханада жатып, үш рет жансақтау бөліміне түсті»: Дәулет Мұқаев марқұм анасына арнап, жазба жариялады жеке парақшасынан

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев 56 жасында ауыр дертке шалдығып, дүниеден өткен марқұм анасына жазба арнады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, депутат анасына жабысқан сырқаттың емі әлі күнге дейін табылмағанын айтты. 

"Анашым, маматайым, мама! Бәрі жақсы болып кететініне соңына дейін сендік қой. Біз бәріміз бірге дертпен күрестік, бірақ бұл дерт (аутоиммундық ауру) бізден де күшті болып шықты. Ауру жайлы кейін тағы айтармын. Себебі үлкен зерттеуді қажет етеді, сирек кездесетін ауру. Елде емдеу протоколы да жоқ. Жас болашақ дәрігерлер отандық медицина үшін үлес қосуы қажет. Анам ауруханаға жатқан күн 27 мамыр, көктем еді. 60 күн бойы ауруханада жатып, бір емес үш рет реанимацияға түсу деген қиынның қиыны. Жүрекке де, жанға да, миға да оңай емес. Анам ауырып жатқанын ешкімге айтпауды өтінді. Тек жақындары білдік. Сіздердің алдарыңызда менің жүзім күліп жүргенімен, жүрегім елжіреп, жылап жүрді. Көзден аққан жас пен іштегі өксігім тек өзіме және бір Аллаға аян болды. Өзгеге көрсетпедім, ішімнен "мен мықтымын, мен сынбауым керек, әйтпесе, анамды кім емдейді" деген оймен жүрдім. Мен үшін осы 60 күннің әр күні арпалыс, күрес, уайым, белгісіздік, шарасыздық, ұйқысыз түндер, дұғамен өтті. "Амал нешік, Алланың әмірі, Алланың қалауы" деген оймен өзімді жұбатудамын. Бірақ ауызбен айта салу қиын. Жүрегімнің бір бөлшегін тілім етіп, біреу жұлып алғандай сезім. Қабырғам қайысып тұр. Ата-анам менің қос қанатым болса, бір қанатым сынып, құздан құлап бара жатқандай әсер", – деп жазды депутат.

Сонымен қатар мәжілісмен оқырмандарын анасын тірі кезде бағалауға шақырып, құрмет көрсету керегін жеткізді. 

“Сені 9 ай құрсағында, 2 жыл бауырында, өмір бойы жүрегімен көтеретін бір ғана жан бар. Ол – АНА! Аналарыңызды тірісінде бағалаңыздар. Жақсы сөздеріңізді айтып, махаббатарыңызды білдіріңіздер. Көбірек уақыт бөліңіздер. Бір күні кеш болады. Ал ол кезде ешкім уақытты кері қайтара алмайды. Ешкім де, ештеңе де мәңгілік емес", – деді ол.

 

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды