1278

Бразилиялық қарсыласын ауыр нокаутқа жіберген Нұрбек Қабдрахманов – әлем чемпионы!

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Нұрбек Қабдрахманов NAIZA 64 турнирінде нокаутпен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атағын сақтап қалды.

Бразилиялық қарсыласын ауыр нокаутқа жіберген Нұрбек Қабдрахманов – әлем чемпионы!
naiza

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Naiza тұжырымының жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Нұрбек Қабдрахманов Naiza Fighting Championship 64 турнирінде жарқын жеңіске жетті.

Отандасымыз Naiza тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын бразилиялық Вандерлей “Мексикано” Левандовскиге (17-7, 8 SUB, 4 KO/TKO) қарсы қорғап, бірінші раундта қарсыласын тіземен теуіп, ауыр нокаутқа жіберді.

Осылайша, Қабдрахманов осы уақытқа дейін екі бірдей мықты қазақстандық спортшыларды ұтып кеткен Вандерлейді уақытынан бұрын жеңіп, алғаш рет чемпиондық атағын қорғады.

Айта кетейік, Нұрбек Қабдрахманов шаршы алаңда 12 жекпе-жек өткізіп, соның онында жеңіске жетсе, 2 рет қарсыластарына есе жіберген. Нұрбектің спорттағы ісін белгілі қазақстандық менеджер Саят Абдрахманов жүргізеді.  

Материал авторы