«Жазасыз қалмау керек»: Қостанайда екі бокс жаттықтырушысы баристаны балағаттап, соққыға жықты

29.07.2024, 14:30
930
«Жазасыз қалмау керек»: Қостанайда екі бокс жаттықтырушысы баристаны балағаттап, соққыға жықты бейнежазбадан алынған кадр

Әлеуметтік желіде екі ер адамның дәмхана қызметкерін балағаттап, оған қол көтерген видеосы тарады. Бұл туралы “Тobolinfo.kz” жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 20 шілде күні Қостанайдағы дәмханалардың бірінде ер адам мен бар даяшысы жанжалдасып қалды. Дәмхана қызметкеріне қол көтерген азаматтардың бокс жаттықтырушысы екені белгілі болды. 

“Қостанай облысы бокс федерациясының бокс жаттықтырушылары Қуаныш Куликов пен Дәулет Танабаев дәмханадағы бар даяшысына қол көтерді. Мұндай әрекеттерге жол беруге болмайды, дереу тергеу жүргізіп, лайықты жазалануын талап етеміз. Оқиғаның куәгерлерінен байланысқа шығуын сұраймыз. Мұндай жаттықтырушылар мен ұстаздар болашақ чемпиондарды, спортшы балаларды қалай тәрбиелейді? Зорлық-зомбылық пен агрессия жазасыз қалмау керек. Бұл әсіресе, басқаларға үлгі болатын адамдарға қатысты. Олар болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге лайық па”, – делінген жазбада.

Бейнежазбадан екі ер адамның бар даяшысын балағаттап, кейін оның жағасынан ұстап, қол көтергенін байқауға болады. 

Облыстың спорт басқармасы болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

“Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық бокс федерациясымен бірлесіп жұмыс тобын құратын болады. Бұл мәселе спорт жөніндегі кеңестің таяудағы отырысында қарастырылады”, – деп мәлімдеді ведомство.

Полиция департаментіндегілер аталған дерекке байланысты жанжалға қатысушыларды жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды