Шымкенттен шыққан кино операторы америкалық «Оскар» киноакадемиясының мүшесі атанды (ФОТО)

29.07.2024, 17:57
1193
Шымкенттен шыққан кино операторы америкалық «Оскар» киноакадемиясының мүшесі атанды (ФОТО) ашық дереккөзден

34 жастағы кино маманы Еркінбек Птыралиев Оскар сыйлығының тағдырын шешеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық кинооператор Еркінбек Птыралиев Instagram-парақшасында Америка кино өнері және ғылым академиясына мүшелікке қабылданғанын жазды. 

34 жастағы кино операторы академияға қабылдануымен құттықтап, академиядан алған хатының скриншотын жариялады. Хабарлама мәтінінде айтылғандай, енді академия мүшесі Птыралиев ұйым жыл сайын табыстайтын «Оскар» сыйлығының лауреаттарына дауыс бере алады. 

Мен қазір Оскар академиясының мүшесі екенімді мақтанышпен жариялаймын!

Бұл Мен үшін үлкен құрмет және кино әлеміне қосқан үлесімді мойындау. Мен әлемнің түкпір-түкпірінен киноиндустрияның ең жақсы өкілдерін біріктіретін осындай беделді ұйымның бір бөлігі болудың керемет мүмкіндігіне ризамын.

Кино өнерінің болашағын қалыптастыратын маңызды шешімдер мен дауыс беруге қатысуды асыға күтемін. Осы жолда маған қолдау көрсетіп, сенгендердің барлығына рахмет, - деп жазды Еркінбек әлеуметтік парақшасында.

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, Еркінбек Птыралиев 1989 жылы Шымкентте дүниеге келген. 2011 жылы Ұлттық өнер академиясын бітірген. Жүргеновті "Теледидар және кино операторы" мамандығында оқыған, ал 2013 жылы ҚазҰУИ-де кинематография магистрі дәрежесін алған. Ең танымал кинотуындыларының қатарында "Желтая кошка" және "Бой Атбая" фильмдері бар.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады