831

Ақтауда әйел ойын алаңында танымайтын баланы ұрып-соққан (видео)

Желіде Ақтауда ойын алаңында баланы ұрған белгісіз әйелдің видеосы тарады. Бұл туралы Lada мәлімдеді.

Ақтауда әйел ойын алаңында танымайтын баланы ұрып-соққан (видео)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желідегі видеода әйел әткеншекте отырған балаға келіп, ұрып-соға бастаған.

Деректерге сай, оқиға 20 шағын ауданда орын алған. 

Аймақ полиция департаментінде бұл фактті растады. 

“Әйелдің жеке басы анықталды. Ол қоғамдық орындарда қудалау фактісі бойынша жауапқа тартылды”, - деді полиция. 

Қылмыстық кодекстің 449-бабы-қоғамдық орындарда қудалау фактісінде жеке тұлғаларға ескерту жасауға не оларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (18 460 теңге) салу қарастырылған. 

Материал авторы