Атышулы «Бірақ» ток-шоуының кейіпкері Астанадан пәтерге ие болды

Аиса Махамбет Редактор
30.07.2024, 15:58
920
Атышулы «Бірақ» ток-шоуының кейіпкері Астанадан пәтерге ие болды әлеуметтік желі

Хабар арнасындағы дауға айналған «Бірақ» ток-шоуының кейіпкері Гүлмира Смаилова Астанадан үш бөлмелі пәтерге ие болды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әйелдің баспаналы болғаны туралы журналист Рахым Ошақбаев мәлімдеді.

Журналист жариялаған видеодан алты баланың анасы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен Гүлмира Смайыловаға Астанадан үш бөлмелі пәтердің берілген сәтін, кейіпкердің көзіне жас алғанын көруге болады.

Әйел қол ұшын созған қазақстандықтарға алғыс айтты.

Баспанаға қаржы жинау үшін ашылған қайырымдылық шарасы 2-3 аптаға созылып, 500-ден астам адам қатысқан. Бұл "Қорғау Астана" дағдарыс орталығының 19 жыл жұмысындағы алғашқы жағдай. 

Еске салсақ, 2024 жылдың наурыз айында Гүлмира Смаилова "Хабар" телеарнасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы "Бірақ" ток-шоуына қатысқан еді. Ток-шоу ұжымы Гүлмираның рұқсатынсыз тікелей эфирге кейіпкердің бұрынғы күйеуін алып келіп, татуласуға шақырған. Әйелді ұзақ жылдар бойы зорлық-зомбылық көрген бұрынғы күйеуімен татуластырмақ болған журналистердің әрекеті халықтың ашуын тудырды. Кейіннен мәдениет және ақпарат министрлігі қоғам наразылығынан соң "Бірақ" ток-шоуының жабылатын мәлімдеді. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды