Telegram негізін қалаушы Павел Дуров 100-ден астам баланың биологиялық әкесі екенін айтты

30.07.2024, 17:16
1227
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров 100-ден астам баланың биологиялық әкесі екенін айтты бейнежазбадан алынған кадр

Дуров жүзден астам әйелге донорлық еткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кәсіпкер әрі Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров өзінің 100-ден астам баланың биологиялық әкесі екенін айтты. Ол бұл туралы Telegram-дағы арнасында жазды.

Ол бұрын-соңды үйленбегенін және жалғыз өмір сүруді ұнататынын атап өтті. Сондай-ақ Дуров қалай 100 баланың әкесі атанғанын айтып берді. 

"Осыдан 15 жыл бұрын досым қызық өтінішпен келді. Ол әйелі екеуі бала көтере алмай жүргенін айтып, балалы болу үшін емханаға сперматозоид беруімді өтінді. Мен күліп жібердім. Алайда кейін оның ниеті шынайы екенін түсіндім", - деп жазды кәсіпкер. 

Емханада дәрігерлер Дуровқа қазіргі уақытта жоғары сапалы донорлық материал тапшы екенін айтқан. Дуровтың сөзінше, ол осылайша донор болған. 

"2024 жылға келсек, мен донор болғалы бері 12 елде жүзден астам жұп балалы бола алды. Оның үстіне мен донорлықты тоқтатқаннан кейін көп жылдар өтсе де, кем дегенде бір ЭКО клиникасында менің мұздатылған ұрықтарым жасырын түрде қолжетімді. Менің биологиялық балаларым бір-бірін оңай табуы үшін өзімнің ДНҚ-ды қол жетімді етуді жоспарлап отырмын. Мен донор болғаныма өкінбеймін. Сау сперматозоидтардың жетіспеушілігі бүкіл әлемде үлкейіп келе жатқан мәселеге айналуда және мен оны шешуде рөл атқарғанымды мақтан тұтамын", - деп жазды Павел Дуров.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды