«Жеңіліп қалғаннан кейін тұрмысқа шығу ойымнан айнып қалдым»: Әбиба олимпиададан жүлде алмай, тұрмысқа шықпайтынын айтты

31.07.2024, 13:55
2381
«Жеңіліп қалғаннан кейін тұрмысқа шығу ойымнан айнып қалдым»: Әбиба олимпиададан жүлде алмай, тұрмысқа шықпайтынын айтты жеке парақшасынан

Париж олимпиадасының қола жүлдесі үшін тартыста жеңіліске ұшыраған Абиба Абужақынова спорттық мансабы мен жеке өміріне қатысты жоспарын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж олимпиадасында жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрінген Әбиба Абужақынова жүлдегерлер қатарынан көрінгенде мансабын аяқтап, отбасы құрғысы келгенін жасырмады. Бұл туралы Kazinform жазды.

Дзюдодан қазақ қыздары арасында мен тұңғыш рет әлем чемпионатының жүлдегері атандым. Олимпиада ойындарында да тура солай алғашқы қазақ қызы болғым келген. Өкінішке қарай Парижде ол мүмкіндік ұстатпай кетті. Бірақ, бәрі бір сол арманға, сол мақсатқа қол жеткізбей тоқтамаймын деп бел буып отырмын. Лос-Анджелестің ауылы да алыс емес. Әне-міне дегенше олда келіп қалады.

Негізі, осы олимпиадада арманым орындалғанда міндетті түрде болашақ жарымды тауып, тұрмысқа шығып, бесігімді тербетіп үйде отырғым келген. Осы жолы жеңіліп қалғаннан кейін ол ойымнан айнып қалдым. Қазір жігітім де жоқ. Егер мені түсініп, 2028 жылғы олимпиадаға дейін күтемін деген азамат болса, тұрмысқа шығуға дайынмын – деді дзюдошы.

Айта кетейік, Әбиба Абужақынова Париж олимпиадасының қола жүлдесі үшін белдесуде швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп қалған еді.  

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді