«Қаба сақал, қырма мұрт» қауым құшағына басып алғаны ешкімді алаңдатпайды – Ербол Жанатұлы (ФОТО)

Аиса Махамбет Редактор
31.07.2024, 15:58
1820
«Қаба сақал, қырма мұрт» қауым құшағына басып алғаны ешкімді алаңдатпайды – Ербол Жанатұлы (ФОТО) ашық дереккөзден

Әлеуметтік желі қолданушылары Олимпиада ойындарына қатысушы спортшылардың сөз саптамынан секем алып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде журналист Ербол Жанатұлы спорт пен діннің байланысы туралы жазба жариялады.

Ол жариялаған жазбада дзюдошы Елдос Сметов пен боксшы Асланбек Шымбергеновтің айтқан сөздеріне мысал келтірді.

Елдос кеше "Олимпиада чемпионы болу тағдырыма жазылған екен" деді. Үндемедік. Себебі ол - чемпион. Ал біздің санамыз атақты мен билігі бар адамды сынай алмайды.

Асланбек жеңіліп қалғанда "Аллаһтың қалауы солай болды" деді. Сынадық. Себебі біздің санамыз әлсіз бен жеңілгендерді таптап өтіп, үстіне жуынды құйып кетуге бейім, - деп жазды ол.

Сондай-ақ журналист жазбасында Мұхамеджан Тазабек пен Бекболат Тілеуханның Елдос Сметовті құшақтаған суреттерін бөлісіп, олар чемпиондарды "өз "дінінің" пиарына пайдаланып жатырғанын" жазды.

Танымал спортшыларды "қаба сақал, қырма мұрт" қауым құшағына басып алғаны ешкімді алаңдатпайды.

Мемлекеттің, салық төлеушілердің қаржысымен бала кезден бапталып, биікке жеткен спортшы - халық өкілі, халық перзенті. Ондай дайын "өнімді" Бекболат, Мұхаметжандар өз "дінінің" пиарына пайдаланып жатқанына мән бермейміз.

Бұл — жас спортшыларға жасырын месседж. "Біздің діндегілер ғана осындай жетістікке жетеді" деген ым. "Мықтылардың бәрі біздің қатарымызда!" деген ишара.

Ал, спортшы - көбіне мұндайлардың ара-жігін ажырата алатын сана иесі болмайды. Спортшы - көп шыныққан дене, тәсілдерді көп қайталап, бапталған тән иесі. Оның 24 сағатының көп бөлігі физикалық дайындыққа жұмсалған.

Спортшы - діни идеологиялардан қорғауға мұқтаж адам! Жат діни идеологиядан бәрімізді қорғаушы - мемлекет! Жағдай осындай, - деді ол.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған