Жаңа көкжиектер: томотерапия Қазақстандағы обырды емдеуде қандай жаңа мүмкіндіктер ашады

31.07.2024, 19:25
805
Жаңа көкжиектер: томотерапия Қазақстандағы обырды емдеуде қандай жаңа мүмкіндіктер ашады

«Біз Қазақстанда кез келген онкологиялық ауруларға шалдыққан адамдар емделе алу үшін орталық құрдық»: Orhun Medical клиникалар желісінің бас директоры

Қазақстанның бірнеше қаласында обырды емдеудің озық технологиясы – Radixact аппаратын пайдалану арқылы томотерапия енгізілді.

Алматы және Қарағанды ​​қалаларындағы Orhun Medical медициналық орталығында орнатылған бұл құрылғы басқа сызықтық үдеткіштер жарамсыз болуы мүмкін, кесел терең бойлап кеткен ағзаның кез келген бөлігіндегі онкологиялық аурулармен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Кез келген қазақстандық есепке алынған жеріндегі емханадан немесе онкологиялық орталықтан жолдама алып, Orhun Medical-да сәулелік терапиядан өте алады. Қазақстанға бірегей технология қалай әкелінгені және онкологияны емдеуде қандай мүмкіндіктер пайда болғаны туралы Orhun Medical клиникалар желісінің бас директоры Гёненч Дирик айтып берді.

Директордың айтуынша, 2015 жылы Қазақстанға келген кезінде бір медициналық мекеменің шеңберінде обырды диагностикалау мен емдеуді қоса алғанда, барлық қажетті қызметті кешенді түрде көрсететін орталық болмаған: «Қазақстан Түркиядан шамамен 3,5 есе үлкен, ал халқы 4 есе аз. Сондықтан медициналық қызмет пен онкологиялық емдеуді бір орталықта кешенді түрде қамтамасыз ету үлкен проблема болды. Өздеріңіз білетіндей, дәрігерлерге дұрыс және уақтылы емдеуге мүмкіндік беретін технологияның жетіспеушілігінен көптеген онкологиялық науқастар зардап шегеді. Онкологиядан жоғары тиімді ем алу үшін науқастар шетелге шығуға мәжбүр болды. Сондықтан кез келген адам келіп, дертін емдей алатын орталық құру мен үшін маңызды болды», деді спикер.

Orhun Medical орталығы алғаш рет 2015 жылы Алматыда ашылды. Кейіннен өздерінің құрылымына клиникалық және зертханалық қызметтер қосып, басқа қалаларда емханалар ашыла бастады. 2018 жылы Алматыда Orhun Medical базасында позитронды-эмиссиялық томография/компьютерлік томография (ПЭТ/КТ) орталығы ашылды. ПЭТ/КТ зерттеуі КТ, МРТ және УДЗ көмегімен анықтау қиын болатын онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға және дұрыс емдеуді тағайындауға мүмкіндік береді.

«Біздің басты назарымыз – адамдар мен технологиялар, яғни мен үшін адамдарға ең жақсы технологияны жеткізетін компания ашу маңызды болды. Бұл – онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастар барлық көмекті осында, Қазақстанда ала алуы үшін бір орталық шеңберінде барлық медициналық қызметтерді көрсету», деп толықтырды директор.

Спикер жобаны қаржыландыру туралы сұраққа жауап бере отырып, инвестицияның шешуші рөл атқаратынын атап өтті. 2024 жылдың қаңтарында орталық Chevron Direct Investment Fund Ltd. (CDIF) жеке компаниясынан Қазақстандағы қызметті дамыту үшін инвестиция алғанын хабарлады: «Біз денсаулық сақтау саласында компания ашқандықтан, мұнда цифрлық көрсеткіштер ғана емес, жұмыс сапасы мен тиімділігі де маңызды болды. Біз Шеврон компаниясының Тікелей инвестициялар қорынан қаражат алғанымызды мақтан тұтамыз. Біз үшін бұл іскерлік этика мен жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету қағидаттарын ұстанатындығымыздың үлкен көрсеткіші. Енді Қазақстанның түкпір-түкпірінде бұдан да көп медициналық орталықтар ашып, қызмет түрлерін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. CDIF қоры да бізді АХҚО-ға қосылуға және резиденті болуға түрткі болды».

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) компанияларға өз бизнесін қаржыландыру, қосымша жұмыс орындарын ашу және қажетті технологияларды енгізу үшін Қазақстанға инвестициялар тартуға көмектеседі.

«АХҚО кез келген жергілікті және халықаралық компанияларға, әртүрлі бағыттағы шағын, орта және ірі кәсіпорындарға есігін айқара ашады. Орталық оларға тәуелсіз құқықтық жүйені, халықаралық стандарттар бойынша қызметті реттеуді, қаржылық мәмілелерге арналған инфрақұрылымды ұсынады. Орталық екі тарап үшін де, инвесторлар үшін де, компаниялар үшін де өте жақсы мүмкіндіктер ұсынады. Сонымен қатар, біз АХҚО Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның үздік қаржы орталықтарының рейтингіне кіретіндіктен, АХҚО қатысушысы болуды таңдадық», деп атап өтті спикер.

Бүгінде Orhun Medical-да қазақстандықтар амбулаторлық-емханалық көмекке, радиология, зертханалық, обырды диагностикалау және емдеу саласындағы қызметтерге қол жеткізе алады. Орталық Қазақстанның 7 қаласында жұмыс істейді, олар: Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодар, Семей, Ақтөбе.

Медициналық орталықтың басты артықшылығы – Radixact томотерапия әдісімен обырды емдеуге арналған құрылғының болуы: «Сәулелік терапияда ең бастысы – сау тіндерге барынша аз зиян келтіру мүмкіндігі. Radixact жоғары ажыратымдылықта шамамен 0,1 миллиметр дәлдікпен жұмыс істейтін өте жылдам құрылғы. Ол 3D-да жұмыс істейтіндіктен, сау органдарға зиян келтірмей, жетуі ең қиын жерлердегі де ісіктерге жете алады».

Radixact ісіктерді дәл визуализациялау үшін сызықтық үдеткіш пен компьютерлік томографты біріктіреді. Технологиялар сәулеленуді көрсетілген шекараларға дәл бағыттап және қажет болған жағдайда сәулелену дозасын реттей отырып, ісікті жан-жағынан 360 градустық сәулелендіруге мүмкіндік береді.

«Radixact-тың ең үлкен артықшылығы ол 3D форматында жұмыс істейтіндігінде, ал басқа құрылғылар екі өлшемде жұмыс істейді және соншалықты дәл емес. Алдымен біз пациенттерге ПЭТ/КТ арқылы диагностика өткіземіз. Біз ісіктің қай жерде орналасқанын және оның қалай дамығанын түсінеміз. Содан кейін Radixact көмегімен пациентке сәулелік терапия сеанстарын тағайындаймыз. Аппаратқа ЖИ бар арнайы модуль кірістірілген, ол ісіктің кішіреюін талдайды да, емдеуді одан әрі түзету үшін деректерді жібереді. Radixact әмбебап, онда радиохирургиялық ота да жасауға болады. Обырдан толық жазылу ықтималдығы айтарлықтай артады, өйткені аппарат алдыңғы модельдерге қарағанда, 10 есе дәлірек. Әрбір емдеу сеансы күніне 15 минуттан аспайды».

ПЭТ/КТ орталығы жыл сайын 7 000 адамға диагностика жасайды, биыл инвестиция тартудың арқасында оның қуаты 14 000 адамға дейін ұлғайтылды. Жылына 3000-ға жуық адам томотерапия әдісімен емделеді.

Бірақ обырды емдеуде ең бастысы аппараттар емес, уақытылы диагностика мен дәрігерлердің кәсіби шеберлігі. Директордың пікірінше, Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының маңызды міндеті – мамандарды емдеудің соңғы әдістеріне оқыту. Дәрігерлер тобында хирургтар, химиотерапевттер, сәулелік терапевттер және медициналық физиктер бар: «Бізге денсаулық сақтау саласының мамандары одан да көп керек, дәрігерлерді көбірек даярлау қажет. Мұндай жоғары технологиялық құрылғыларды пайдалану үшін тұрақты тәжірибе керек, ол үшін дәрігерлерді оқыту жүйесін жетілдіру қажет. Кейбір қызметкерлеріміз қандай маман екеніне қарай бір жылдан төрт жылға дейін оқиды. Бізде онкологиялық орталықтарда 100-ге жуық адам жұмыс істейді, олардың 95%-ы қазақстандықтар, сондықтан обырды диагностикалау мен емдеу денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басым бағытына айналуы үшін мемлекетпен белсенді ынтымақтасу маңызды».

Директор сөз соңында мемлекеттік және жеке секторды біріктіру, көпсалалы медициналық орталықтарды көбірек ашу, медициналық персоналға жағдай жасау, дәрігерлердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ, пациенттер үшін озық медициналық емді қолжетімді ету – осының бәріне дәл бүгін баса назар аудару қажет екенін қадап айтты.

«Кешірім сұрайтындай ешкімді атқан жоқпын»: Мақпал Жүнісова қас дұшпандарыма мереке сыйлап тұрамын деп мәлімдеме жасады Біреудің қаңсығы біреуге таңсық «Қыз болғанша тоқтамаймын»: Тәуекел Мүсілім қызы болғанын қатты армандап жүргенін айтты «Қазір қыз іздеп жүрмін»: боксшы Нұрбек Оралбай жеке өміріндегі құпияларын айтты Анамды жұмыс істеткізбеймін, бар жағдайын жасадым – Әбиба Әбужақынова Қайрат Боранбаев Қазақстанға әкелген футболшы Украинада опасыздық жасады деп айыпталды Таразда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды 2-ақ адам қалған: Солтүстікте жыл соңына дейін 45 ауыл картадан жойылатыны белгілі болды «45 тәулікке қамалады»: Әйелі мен балаларын ұрып-соққан ақтөбелік жеңіл жазамен құтылды Екібастұзда 9-сынып оқушысы жоғалып кетті Тағы бір мерзімді әскери қызметші Ақтөбеде қайтыс болды Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі қайтыс болды Әкем сырт көзге суық көрінгенімен жүрегі өте жұмсақ болды – Мұстафа Өзтүріктің үлкен қызы Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды Қазақстанда бір күнде үш рет жер сілкінісі тіркелді Бүгін еліміздің 4 өңірінде ауа сапасы нашарлайды «Дауылды ескерту!»: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Баян Мақсатқызы кішкентай екі қызымен Дубайға демалысқа аттанды (ФОТО, ВИДЕО) «Шөмішбай Сариев үйімізге жиі келетін»: Жұлдыз Әбдікәрімова еске алу кешіне арнайы шақыртумен келген (ВИДЕО) «Қуырдақты былқылдатып, әңгімеміз жарасатын қыздарыма ысқырдым»: Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларын қонақ қылды (ФОТО)