Қазақстанда қазақ тілінде жасанды интеллект өнімдері әзірленетін болады

01.08.2024, 09:15
1178
Қазақстанда қазақ тілінде жасанды интеллект өнімдері әзірленетін болады cybersport.metaratings.ru

Yandex қазақ тіліндегі жасанды интеллект жасау үшін инвестиция құяды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Yandex Qazaqstan компаниясы қазақ тілінде жасанды интеллект өнімдерін әзірлеуге белсенді түрде инвестиция салуда. Бұл туралы Qaz.AI Жасанды интеллектіні дамыту қауымдастығы ұйымдастырған мастер-класс барысында компанияның жасанды интеллект технологияларын дамыту жөніндегі директоры Александр Крайнов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл қадам еліміздің ЖИ саласындағы ұстанымын едәуір күшейтуге және жаңа технологиялардың дамуына ықпал етуге бағытталған.

Qaz.AI қауымдастығы Қазақстандағы технологиялық компанияларды біріктіріп, білім мен тәжірибе алмасу платформасы ретінде қызмет етеді. Қауымдастық құрылған сәттен бастап ЖИ саласындағы ұлттық даму мен операциялық жүйелердегі өзгерістерді реттеумен айналысуда. 31 шілде күні Қауымдастық мастер-класс өткізіп, жасанды интеллектіні қоғамда қалай қолдануға болатынын түсіндірді. Сондай-ақ оқу барысында қатысушылар жасанды интеллектке байланысты түрлі мәселелер мен мүмкіндіктер жайлы талқылап,  білімдерін тереңдете түсті.

Кездесу барысында Qaz.AI жасанды интеллектіні дамыту қауымдастығы Yandex Qazaqstan-ның жаңа мүше ретінде қосылғаны туралы хабарлады. Басшылықтың айтуынша, Қазақстанда бұл серіктестік ЖИ енгізуді жылдамдатады. Сондай-ақ саладағы негізгі бастамалар бойынша жұмыстар атқарылады.

«Yandex Qazaqstan-ның  қауымдастыққа қосылғанына қуаныштымыз. Тәжірбиелі, ауқымды сараптамасы бар Yandex Qazaqstan сияқты ірі компанияның мүшелік етуі біздің мүмкіндіктерімізді айтарлықтай арттырады. Инновацияларды ілгерілетуге және еліміз үшін негізгі бастамаларды қолдауға көмектесе отырып, Қазақстанда Ұлттық жасанды интеллектіні дамыту бағытында қызмет етеміз», – деді Қазақстандағы ЖИ дамыту қауымдастығының төрағасы Бақытжан Ешмұхамбетов.

Yandex Qazaqstan қазақ тілінде ЖИ-өнімдерін дайындауға инвестиция салуда. Әзірленген жұмыстарын атап өтер болсақ, виртуалды көмекші – Алиса; Іздеу мүмкіндіктері мен үлкен генеративті модельдерді біріктірген Нейро қызметі интернеттегі барлық  ақпаратты талдайды, сондай-ақ ақпараттық дереккөздерді сілтемелермен сыйымды жауапқа жинайды. Белгілі уақыт режимінде жазылған мәтінді аударуға көмектесетін ақылды камераны да атап өтуге болады, іздеу жолағының астында пайда болатын жылдам жауаптар пайдаланушылардың айына 15 мың сағатын үнемдейді. Сондай-ақ видеоны қазақ тіліне аударуға, дыбыстық жолды талдауға және грамматикалық ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін Яндекс браузеріндегі видеоның нейрожелілік аудармасы жұмыс істейді.

2024 жылғы шілдеде Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2024-2029 жылдарға арналған ЖИ дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Құжат экономиканың әртүрлі салаларына ЖИ технологияларын енгізуді және 2029 жылға қарай ЖИ өнімдерінің санын бес есеге арттыруды көздейді. Сонымен қатар білікті мамандарды даярлау үшін ЖИ бойынша білім беру бағдарламаларын кеңейту және экономикада мультипликативтік әсер жасау үшін отандық компаниялардың қажеттіліктерін есепке алу жоспарда бар.

Бұл бастамаларды Qaz.AI қауымдастығы Yandex Qazaqstan қызметінің қолдауымен жүзеге асырмақ. Қазақстанға жасанды интеллект саласында көшбасшы позицияларды алуға және ұлттық инновациялық экожүйені нығайтуға көмектеседі.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды