859

Желіде балағат сөз айтқан видеосы тараған Жамбыл облысы ПД басшысы қызметінен шеттетілді

ІІМ қызметтік тергеу барысы кезеңінде Баймурзин қызметінен шеттетілгенін айтты.

Желіде балағат сөз айтқан видеосы тараған Жамбыл облысы ПД басшысы қызметінен шеттетілді
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин қызметінен уақытша шеттетілді. Бұл туралы Zakon.kz жазды.

Ақпаратты 31 шілдеде басылымға Ішкі істер министрлігі растаған.

"Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының жария болған видеосына сәйкес Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Өңірге кадр саясаты департаментінің бастығы мен ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметінің өкілдері жіберілді", - деді ведомстводан.

Сондай-ақ, ІІМ қызметтік тергеу барысы кезеңінде Баймурзин қызметінен шеттетілгенін айтты.

Айта кетсек, желіде өз қарамағындағылармен сөйлесіп отырғанда үстелді тоқпақтап, балағат сөздер айтқан погондағы ер адамның видеосы тарады. Ол Жамбыл облысы ПД басшысы делінеді. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор