Қарағандылық оқушы экономика бойынша Халықаралық Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

01.08.2024, 15:15
3416
Қарағандылық оқушы экономика бойынша Халықаралық Олимпиаданың қола жүлдегері атанды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Әлемнің 53 елінің үздік оқушыларынан озып шығу оңай болмады дейді Батырхан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды NIS тоғызыншы сынып оқушысы Батырхан Мұхтархан ел құрамасының атынан Гонконгта өткен IEO-2024 Халықаралық экономика олимпиадасына қатысып, қола медаль жеңіп алды. Зияткерлік жарыста әлемнің 53 елінен 250 оқушы өз білімін сынады.

Батырхан IEO-2024-ке дайындықты наурыз айында бастаған. Күн сайын  сабақтан кейін мектепте қалып, қажетті тақырыптар бойынша кітаптарды  оқыды, бәрін мұқият жазды.

– Мен медальға үміттенген жоқпын, өйткені негізгі тестті нашар тапсырдым деп ойладым. Экранда менің суретімді көргенде, қатты қуандым әрі толқыдым. Біздің команда мен еліміз үшін мақтандым. Бұл медаль менің дұрыс бағытта келе жатқанымның дәлелі. Әрі қарай алтынға ұмтыламын. Мен бұл олимпиадаға тағы үш рет қатыса аламын, – дейді Батырхан.

Әлемнің 53 елінің үздік оқушыларымен бәсекелесу оңай болмады, деп мойындайды оқушы.

Оған халықаралық олимпиадаға дайындалуға Экономика пәнінің мұғалімі Жантілек Напталов көмектескен.

– Батырхан өте тәртіпті және жауапты оқушы. Ол көп оқыды, дайындық кезінде бұл маңызды. Кез-келген олимпиадада нәтиженің 70 пайызы оқушының өзіне байланысты. Мен тек шабыттандырдым, бағыттадым, кеңес беріп, қажетті әдебиеттермен, материалдармен таныстырдым. Оның болашағы бар, экономика саласында табысқа жете алады, – деп есептейді тәлімгер.

Қазақстан командасы өткен жылдың нәтижелерімен салыстырғанда жалпы командалық есепте 10-нан астам орынға жоғары көтеріліп, ең жоғары нәтижелерді көрсетті. Ел құрамасы IEO-2024-те бес медаль жеңіп алды: екі күміс және үш қола. Осылайша, біздің оқушылар әлемдегі ең мықты командалардың ондығына және бизнес-кейс бойынша жетілікке кірді.

 
Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды