«Әншілерді 10 миллион теңгеге шақырды»: Шымкентте 200 миллион теңгеге жасалған сүндет той көпшіліктің ашуын туғызды

Аиса Махамбет Редактор
02.08.2024, 11:50
1172
«Әншілерді 10 миллион теңгеге шақырды»: Шымкентте 200 миллион теңгеге жасалған сүндет той көпшіліктің ашуын туғызды бейнежазбадан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Шымкентте өткен сүндет той көпшіліктің назарын аударды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, блогер Айя Әжібек жеке парақшасына видео жүктеп, сүндет той иесі өзінің құрбысы екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

“Шымкенттегі 200 миллион теңгелік сүндет той. Бұл тойдың иесі, менің ең жақын құрбым – Әсел. Әселмен университет оқып жүргенде таныстық. Бір етікті киіп, бір нанды бөліп жегенбіз. Ол туралы бүгін стористе бөлісемін.
Туф, мына тойдың атмосферасын видеодан сезіндіңіз бе? Шымкенттің нөмірі бірінші тойханасында осындай атмосфера болды. Әншілердің өзі 10 миллион теңгеге келді. Иә, осындай достарым бар. Ал сіз сүндет тойды осылай дүркіретіп өткізуге қалай қарайсыз?" – деп жазды ол. 

Одан кейін құрбысына бір бөлмелі пәтер сыйлағанын да айтып өтті. 

“Құрбыма тойында 1 бөлмелі пәтер сыйладым. Иә, бұл менің жан құрбым.
Одан бөлек бір жасар қызына 1,5 млндық оригинал Cartie браслет. 
Әсел – мен үшін әлемнің ешбір байлығына жетпейтін қымбат жан. Күйеуіммен ажырасып, өз жұртым маған “кет” деген, “маған келші” деп өзінде паналатқан жан құрбым мен оның отбасы”, – деп жазды блогер. 

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлініп, тойды қызу талқылап жатыр. 

"Біздің де жағдайымыз болды, бірақ Египетке барып, демалып келдік”, Ақша көп болса, тойға емес, жетім-жесірлерді тойдырыңдар, мақтанатындай той емес", "Ысырап. Мұндай ақшам болса да, бұлай жасамас едім", "Керексіз понт", “Ұл баланы сонша көкке көтеріп, 200 миллион теңгеге той жасағаны несі?", "Тойға тойдық. Дарақылық, ғылыммен айналысып жатқан елдерден ұят, шамамыз жарысып той жасаудан аспайды", – деп жазған олар. 

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті