«Қазақтарды қалай басқаруға болады?»: көпшіліктің ашуын туғызған кітап сатылымнан алынды

Аиса Махамбет Редактор
02.08.2024, 12:32
1219
«Қазақтарды қалай басқаруға болады?»: көпшіліктің ашуын туғызған кітап сатылымнан алынды qazdauiri.kz

Кітап толығымен сатылымнан алынып тасталғаны жөнінде Ulysmedia.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, AmalBooks баспасының негізін қалаушы Бақытжан Бұқарбай орыс тілінде жарыққа шыққан кітаптың сатылымын тоқтатты.

 

Кітап 1734 жылғы мұрағат құжаттарынан тұрады. Оны кезінде Ресей империясының бас хатшысы, ғалым Иван Кириллов әзірлеп, патша үкіметіне тапсырған. Басылымға Кириллов жобасының мәтіні ғана емес, сонымен қатар Ресей азаматтығы қабылданғаннан кейінгі алғашқы жылдары Қазақстан қалай отарлана бастағанын көрсететін басқа да құнды тарихи құжаттар енген. Кітапты шығаруды бизнесмен Кеңес Рақышевтің қаржыландырғаны айтылады.

Мета мен Тик-ток әлеуметтік желісінде қолданушылар бұл кітаптың осы атаумен әрі мұқабамен шыққанын қатаң сынға алған.  Тик-токтағы видеоға жүздеген адам пікір қалдырды. Бірі “бұл кітап керісінше пайдалы” десе, екіншісі “дұрыс сатылымнан алып тастау керек” деп талап етті.

Желідегі сыннан кейін Бақытжан Бұқарбай бұл кітап сатылымнан түгел алынғанын хабарлады.

– Бұған дейін ағаларымыздың әрбірімен кездесіп, кітаптың мақсат-мүддесін жеткізіп айттым. Баспагер болған соң кері байланыспен де жұмыс істеуіміз керек. Ешқашан халықтан өзімізді биік қойған жоқпыз. Оларға ұнамағаны – мұқаба болып тұр. Мұқаба көңіл көншітетіндей емес дейді. Мазмұнын түсінбей қаласың дейді. Біз сондықтан, бүкіл сату нүктелерінен бұл кітапты бүгін түгел алып тастадық. Қазір ешбір жерде бұл кітап сатылымда жоқ, – дейді Бұқарбай.

Телеграмда танымал “Чемодан госсекретов” арнасы да бұл даудан тыс қалмапты.

– Бұл басылым автор тарапынан да, демеуші тарапынан да ашық провокация секілді көрінеді. Кітапты шығаруға атсалысқан Рақышев қазір өзінің қайнатасы, Ресейді қолдайтын Тасмағамбетовке жұмыс істеп жатқаны сөзсіз. Осы арқылы олар ішкі саясатқа ықпал еткісі келеді. Біздің дереккөздер Рақышевке қатысты ұйғарым жасалғанын хабарлайды, – деп жазады ол.

Айтпақшы, бұл кітапты осыдан бір ай бұрын Арман Шораев мақтаған болатын. Оның кітаптың уақтылы шыққанын жазғаны бар. 

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр