«Травма» дегенді 40 жасқа келгенде психологтан естідім»: Сәкен Майғазиев желіде немересін ұрған әже туралы

Аиса Махамбет Редактор
02.08.2024, 13:55
1021
«Травма» дегенді 40 жасқа келгенде психологтан естідім»: Сәкен Майғазиев желіде немересін ұрған әже туралы жеке парақшасынан

Сәкен Майғазиев желіде бір немересін ұрып, екіншісін тербетіп отырған әжеге қатысты жеке көзқарасын білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі балалық шағынан сыр шертіп, өзі де кезінде ата-әжесінің еркесі болғанын жасырмады. 

“Әжеңнің түйіп қалғаны мен атаңның нұқып қалғаны, анаңның айқайы мен әкеңнің ашулы көзқарасы майдай жағатын кездер-ай! Мына бейнебаяннан махаббатты, шынайылықты, тәрбиені, тазалықты, жанашырлықты көрдім.

"Жасөспірім жарақаты" (Детская травма) дегенді қырық жасыма келгенде психологтан естідім" деген екен бір кісі. Психологиялық жарақат алмай-ақ, мұғалімдерден (апай, ағай), аға, әпкелерімізден таяқ жеп өстік қой.

Ақсақалдар академиясы, отбасы институты, жазылмаған дала заңы, асыл дінімізбен астасып, сабақтасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйым, үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды құндылықтарды қайтару арқылы ұлт болып қаламыз деп ойлаймын.

Мына көріністің соңында бесіктегі балапанның әжесінің қолын сүйгені ерекше әсер етті. Қатты сүйсіндім. Міне нағыз махаббат! Әр әулетте атаның берген бұйрығы, әженің айтқан ақылы шеру құрсын! Жұма мүбәрак, жақсыларым!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылып жатыр. Бірі әжесінің қатал мінезін сөз етсе, екіншісі баланы ұрып тәрбиелеу керек деген пікір айтады.

“Бір қолымен бесік тербетіп,бір қолымен білім үйрететін әжелеріміз көбейе берсін”, “Немересін ұрғанын қабылдай алмаймын”, “Қатал әже екен”, “Балаларды ұрмасаң, айтқанын істетіп кетеді”, “Бәрі шынайы екен”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

«Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды «Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған