Тоқаев Конго жастарын Қазақстанда жоғары білім алуға шақырды

02.08.2024, 14:00
791
Тоқаев Конго жастарын Қазақстанда жоғары білім алуға шақырды Aqorda

Екі ел арасындағы ынтымақтастықты солай күшейтпек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессо кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Астана мен Браззавиль арасында мәдени-гуманистарлық байланыс орнату өте маңызды. Мен Конго жастарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуды ұсындым. Бұл ынтымақтастықты нығайта түсері сөзсіз. Екі елдің халықаралық және аймақтық деңгейде тұтас қатынас орнатқан көптеген өзекті мәселеге қатысты ұстанымдары ортақ. Жаһандық және өңірлік құрылымдар аясында ықпалдастығымыз артып келеді. Қазіргі геосаяси жағдайда БҰҰ және Африка одағы аясында өзара қолдау көрсету және консультациялар өткізу аса маңызды, - деді Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы жаһандық және аймақтық қауіпсіздікке қатысты пікір алмасқандарын айтты.

Қазір ең өзекті мәселенің бірі – климаттың өзгеруі. Біз осы қатерді бірге бөлісіп, тығыз жұмыс істеуге келістік. Мен Конго басшысының орман өсірудің және орманды қалпына келтірудің жаһандық 10 жылдығын жариялау туралы бастамасын қолдаймын. Шын мәнінде Дени Сассу-Нгессо мырзаның елімізге сапары үлкен тарихи маңызға ие. Бұл сапар Қазақстан мен Конгоның қарым-қатынастарына тың серпін береді деп санаймын. Сонымен қатар Орталық Азия мен Африка арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуге ықпал етері сөзсіз. Біз бір-бірімізді қолдап, табысқа бірге жетерімізге сенемін, - деді президент.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды