«Аяғын тартып, баспалдақтан сүйрелеген»: Сотта Марат Әйтеновтің Әйтешованы бала-шағасымен үйден қуып шыққан кездегі видеолары көрсетілді

Аиса Махамбет Редактор
02.08.2024, 18:54
693
«Аяғын тартып, баспалдақтан сүйрелеген»: Сотта Марат Әйтеновтің Әйтешованы бала-шағасымен үйден қуып шыққан кездегі видеолары көрсетілді жеке парақшасынан

Астанада Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасы Марат Әйтенов пен оның бұрынғы әйелі Дана Әтешоваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сотта Әйтеновтің бірнеше қызметкерлермен келіп, Әтешованы бала-шағасымен қуып шыққан видеолар көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жәбірленуші тарап пен айыпталушы тарап та сотқа видеоларды ұсынды. 

Алғашқы үш видеода Әйтеновтің Әтешованы қалай сүйрелегені және құзырлы қызметкерлердің балаларды көтеріп алып, шығарып шыққаны көрсетілді. Әйтенов Әтешованың сол аяғын тартып, еденде сүйрелеп далаға шығармақ болғаны көрінеді. Келесі видеода оның белінен қысып, көтеріп, үйден далаға шығармақ болады. Әтешованың полициядан көмек сұрап, айқайлағаны байқалады, бірақ оған ешкім көмек бермейді. 

Одан соң Әйтенов Әтешованың мойнын қысып, далаға шығарып, кейін оның үстіне отырып алады.

Келесі видеода Әтешова балаларымен баспалдақта отырады. Әйел балаларға тиіспеуді сұрайды. Балалар қатты жылап, анасының артына тығылған. Соған қарамастан Әйтенов әйелді баспалдақтан сүйреп, аяғынан тартады. 

“Әйтенов Әтешованың әпкесін итеріп, Әтешованы сүйрелейді. Ал ювеналды полиция қызметкері қызды, күзет қызметкері ұлды сүйреп шығарғаны заңсыз. Заңға сәйкес, олай шығаруға болмайды”, – деді адвокат Әлия Омарова.

Айыпталушы тарап ұсынған видеода сот орындаушының Әтешованы Dream City-дегі 4 бөлмелі пәтерге көшуге көндіріп жатқаны көрсетілген. 

“Пәтер басқа біреудің атында еді, мен ұлымның атына аударсын дедім. Өйткені арада жағдай болса, тағы осылай қуып шыға ма деп қорықтым. Өйткені ұлымның атына аударғанын қаласаң, көпшілік алдында кешірім сұрап, барлық ақпаратты жалған деп айтуын талап етті. Бұл пәтерге көшкен кезде де түрлі талаптар қойып, мені экономикалық тәуелді еткісі келгені сөзсіз”, – деді жәбірленуші.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)