Интим, эскорт, ауқатты еркектерге қызмет: танымал «жеңгетай» Айка 6,5 жыл жазасын өтейді

Аиса Махамбет Редактор
03.08.2024, 14:35
966
Интим, эскорт, ауқатты еркектерге қызмет: танымал «жеңгетай» Айка 6,5 жыл жазасын өтейді жеке мұрағатынан

21 мамырда шыққан шешім – Айканы 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы өзгеріссіз қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, элиталық эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы Айка шілдеде аппеляциялық шағым түсірді. Бүгін Алматы қалалық сотында іс қайта қаралып, апелляция үкімді өзгеріссіз қалдырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz жазды.

Яғни, 21 мамырда шыққан шешім – Айканы 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы өзгеріссіз қалды.

«Апелляция, қылмыстық істі зерттей отырып, сотталғандарға қатысты айыптаудың толық растау тапқанын атап өтті.

  • 2023 жылдың мамыр айында М., аса ірі мөлшерде мефедронды психотроптық затты сату мақсатынсыз заңсыз сатып алып, өзімен бірге заңсыз тасымалдаған. Ұстау кезінде полиция қызметкерлері сотталушының сөмкесінен психотроптық зат тәркілеген.
  • 2020-2023 жылдар аралығында М., Т.-мен бірге женгетайлық ұйымдастырып, қыздарды интимдік қызмет көрсету үшін пайдаланды. М. осы қызметтерден жеке өзіне немесе өз көмекшісі Т. арқылы пайыз алды.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен және іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденді», – делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Еске салайық, Айка психотроптық затты аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алды, сақтады және тасымалдады, сондай-ақ 52 эпизод бойынша жеңгейтайлықпен айналысу (296-баптар, 4-бөлім, 309-бөлім, 2-бөлім, ҚК-нің 1-тармағы) кінәлі деп танылды. Сот барысында ол кінәні ішінара мойындады.

Ал, іске қатысы бар екінші адам Т. 12 эпизод бойынша жеңгетайлыққа көмектесті деп танылып (ҚК 28-бабының 5-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы) 3 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

2023 жылдың соңында желіде жезөкшелер мен қыздардың клиенттерінің жеке мәліметтері бар құжаттар жарияланды. ІІМ жабық әлеуметтік желілердің анықталғаны туралы хабарлады, олар арқылы Алматыда ауқатты ер адамдарға интимдік және эскорт-қызмет көрсететін модельдік келбеті бар қыздардың қатысуымен жеке секс-кештер ұйымдастырылған.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды