Желіде түлектер ЖОО-ға түсу грантының басым көпшілігі су тасқынынан зардап шеккендерге берілгеніне қарсы шықты

04.08.2024, 19:40
944
Желіде түлектер ЖОО-ға түсу грантының басым көпшілігі су тасқынынан зардап шеккендерге берілгеніне қарсы шықты бейнежазбадан алынған кадр

Желі түлектер гранттың басым көпшілігі су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың оқушыларына беріліп кеткеніне наразы. Сөздерінше, төтенше жағдай деген жеңілдігі барлардан жоғары балл алса да, грантқа өтпей қалу әділетсіз деп санайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, түлектердің біршамасы жоғары баллмен грантқа түспей жатқан кезде төтенше жағдайдан зардап шеккен аймақтардың түлектері төмен баллмен конкурсқа ілігіп кеткендерін айтады.  Бұл туралы Stan.kz жазды.

Түлектердің біршамасы жоғары баллмен грантқа түспей жатқан кезде төтенше жағдайдан зардап шеккен аймақтардың түлектері төмен баллмен конкурсқа ілігіп кеткендерін айтады. 

Наразы ата-аналар мен талапкерлер петиция жариялауға дайын. 

“Соңғы деректерге сәйкес, гранттың 20%-ы су тасқынынан зардап шеккен аймақтың түлектеріне бөлінді. Бұл мүмкіндік расымен талантты және дайындығы мол студенттердің лайықты білім алуына кері әсер етті. 

Олар экзамендерге барынша дайындалып, бар уақытын білімге арнады, бірақ нәтижесіз қалды. Грантты әділетсіз бөлу білім жүйесіне деген сенімсіздік тудырады. Министрліктен грантты бөлу қағидасын қайта қарауды сұраймыз. Төтенше жағдайда қалған аймақтың түлектеріне бөлек грант бөлінсін”, – делінген енді жарияланатын петиция мәтінінде.

“Туризм мамандығына 97 баллмен түспедік, бірақ кейбіреулер 52 баллмен оп-оңай өтіп кетті”, “105 баллмен ешқандай мамандыққа грантқа ілікпедім, ал мен қалаған мамандыққа жұрттар 70-80 баллмен өтіп кетіпті, Әділетсіз”, “112 баллмен грантқа түспедім, ал менің мамандығыма бәрі дерлік 60-70 баллмен өтіпті”, “122 балыммен университетке түсе алмадым, себебі көп аймақты су басты” – деп жазды желідегілер. 

Бұл жағдайға жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек жауап берді.

“Біз жоғары білім алуға гранттардың аз ғана бөлігін зардап шеккен өңір түлектеріне бөлдік. Саны көп те емес, 5112 грант. 20 мыңнан астам түлек су басқан өңірден бітірсе, соның 10 мыңнан астам түлегі өздеріңізбен бірдей жалпы конкурспен өтті. Біз оны әділ және ашық түрде бөлуге бар күш-жігерімізді салдық.

Биылғы конкурсқа қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 11 мыңға көп, сондықтан бәсекелестік те өте жоғары болды.

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін квота қарастырылғанымен, сол аймақтардың талапкерлері жалпы конкурс бойынша грант ұтып алды. Грант алғандардың тек 1130-ы немесе 1,7%-ы мүмкіндікті пайдаланды. Бұл аймақтарды қолдау үшін талапкерлерге дайындалу және конкурсқа құжаттарын тапсыру үшін мерзімі кеңейтілді, және конкурсқа ең жақсы ҰБТ нәтижесі бар сертификатын ұсыну мүмкіндігі берілді”, – деді Саясат Нұрбек. 

Министрдің айтуынша, жоғары балл жинаған 10 мыңнан астам адам грант ала алмады, оның ішінде 7 мыңнан астамы шығармашылық мамандықтар.

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау бойынша 1 орынға 11 адам, сән және дизайн бойынша 9 адам, ал стоматологияға 1 орынға 35 адамнан келген екен.

Министр грантты иеленудің бірнеше мүмкіндіктерін атап өтті:

3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі.

Жергілікті атқарушы органдардың яғни әкімдік гранттары бар.

KazEnergy қауымдастығының гранттарын қосыңыз.

Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты.

Жұмыс берушілердің гранттары.

Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады.

Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі.

Ректорладың гранты, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөледі.

Сессия қорытындысы бойынша бос грант алу мүмкіндігі және бар.

«Бар болғаны 85 шаршы метр»: Мәдина Сәдуақасова Алматының ең қымбат ауданынан қымбат пәтер сатып алғанын айтты Дариға Назарбаева Дубай әуежайында жүр «Жағдайын көре тұра, көмектеспеген»: 25 жастағы жүкті әйелдің өліміне кінәлі аурухана дәрігерлері жазасын алды Елімізде әрбір бесінші әйел қатерлі ісіктен қайтыс болады Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып өлтірді (ВИДЕО) «Біреуі домбыраны харам дейді, біреуі туды қорлайды» – депутат Ермұрат Бәпи Абай облысындағы мектеп директоры мұғалімдеріне сарай мен монша салдырған Forbes әлемдік рейтиңінде қанша Қазақстан миллиардері жүргені анықталды Таиландта жұмыс істейтін Қазақстан азаматы жантүршігерлік жол апатынан қаза болды «Тіктіріп үлгермей жатырмын»: Гүлзира Айдарбекова ұлының сахнада костюмін сыйлап жібере беретінін айтты «Түнімен тігіп едім»: Түркиядағы митингке байланысты Динара Сәтжанның той көйлегі жете алмай қалды Астанада әкімдік жанындағы саябақтан Назарбаевтың суреттері алып тасталды «Күйеуге шыққанда қоямын»: Назым Қызайбай тұрмыс құрғасын боксты қоятынын айтты Екі жақты татуластыруға тыраштанып жүрген Трамп Ресей мен Украина президенттерінен көңілі қалғанын айтты Елімізде алдағы күндері ауа райы +35 градусқа дейін ыстық болмақ Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті