«Басын фундаментке соққылаған»: Атырау облысында әйел адамды көршісі тонап, аяусыз ұрып кеткен (ВИДЕО)

05.08.2024, 11:48
4046
«Басын фундаментке соққылаған»: Атырау облысында әйел адамды көршісі тонап, аяусыз ұрып кеткен (ВИДЕО) әлеуметтік желі

Құлсарылықтар соттың әділ шешімін талап етіп, заңгерлерден көмек сұрады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Шоқпартоғай селосында жан түршігерлік оқиға болды.

Қондыбаева А.Ж. есімді ауыл тұрғынына көршісі Аманжулов Т.Ш. келіп зәбір көрсетіп, үйдегі жинап отырған ақшасын ұрлап кеткен. Бұл туралы жәбірленушінің туыстары әлеуметтік желіде хабарлап, көпшіліктен көмек сұрады.

Шоқпартоғай ауылының тұрғыны, ауылдың беделді азаматшаларының бірі Қондыбаева Амандық Жұмалықызына көмектесулеріңізді сұраймыз. Жұмалықызының үйіне 2.08.2024 күні тапа-тал түсте көршісі, қаскөй Аманжулов Темур Шайхиевич қолына резеңке қолғап киіп, асүй пышағымен келіп, тамағына пышақ тақап “Қарызымды өтеу үшін ақша бересің. Бермесең, сені бауыздап өлтіремін. Кейін өзімді өлтіремін” деп қорқытқан. Онымен қоймай айыпталушы жәбірленушінің әлсіздігіне қарамастан, азаматша Амандықты аяусыз соққыға жығып, басын бірнеше рет таспен ұрып, фундаментке соғып, үйде сақтап отырған қомақты қаржысын жымқырып кетті. Қанішер Темур өз ісін жасап алған соң ақшаны алып оқиға орнынан қашып кеткен. Ал Жұмалықызы Амандық болған жағдайдан соң аудандық ауруханада басы жарылып, жансақтау бөліміне түсті. Ол әлі де ауруханада жатыр!

Осынша жауыз әрекеттерінен соң біз әділдік болады, іс оңынан шешіледі деп күткен едік, бірақ арампиғылды Темур жақтастары арқылы жеңіл жазамен құтылып кетті!, - деп жазды Instagram желісінде Айнұр есімді қолданушы.

Белгілі болғандай, арада екі күн өткен соң онлайн режимде сот өтіп, айыпталушыны сот үйқамаққа алып, осылайша Аманжулов Т.Ш. жазадан оңай құтылып кеткен.

Осынша жауыз әрекеттерінен соң біз әділдік болады, іс оңынан шешіледі деп күткен едік, бірақ арампиғылды Темур жақтастары арқылы жеңіл жазамен құтылып кетті!

Бүгін сот отырысы онлайн өтіп, бұрында да істі болған айыпталушы Темурды темір торға қамап, ұрлаған ақшасын қайтартудың орнына, сот оны үйқамаққа жіберген. Біз, Амандық Жұмалықызының жақындары мен туыстары бұл әділетсіз шешімге келіспейміз!, - дейді.

Сондай-ақ жәбірленуші әйел адамның туыстары айыпталушыдан ұрланған ақшаны қайтарып, зәбір көрсеткені үшін моральдық шығынды өтеуін немесе темір торға қамалуын сұрады.

Егер Темур өзінің арам пиғылын тағы қайталап Жұмалықызына жәбір көрсетсе ше? Оған психикалық және физикалық күш көрсеткенін қайталаса ше? Біз оның Жұмалықызының үйінен тонап кеткен 600 000 теңгені қайтарып, моральдық шығынды өтеуін сұраймыз! Біз оның Қылмыстық кодекстің 191 бап Тонау бойынша және 107 бап Қасақана адам денсаулығына зиян келтіргені үшін қамауға алынуын талап етеміз!

Біз жауыз Аманжулов Темурдың үйқамақ арқылы тиісті жазадан құтылып кетуіне қарсымыз!, - деп жазды олар.

Әзірге болған іске қатысты аудандық сот пен полиция департаменті пікір білдірген жоқ.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады