«Жеңісімді ешкім тартып алмайды»: Илья Ильин отбасымен 12 жыл бұрынғы жеңісін тойлады (ВИДЕО)

05.08.2024, 12:23
987
«Жеңісімді ешкім тартып алмайды»: Илья Ильин отбасымен 12 жыл бұрынғы жеңісін тойлады (ВИДЕО) жеке парақшасынан

Еңбегімді бағалайтындар үшін мен жеңдім деді Илья Ильин.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Илья Ильин Instagram желісіндегі ресми парақшасында осыдан 12 жыл бұрын Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен күнін отбасымен бірге тойлап жатқан видеосын бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

2012 жылы 4 тамызда Илья Ильин ауыр атлетикадан Лондон Олимпиадасының чемпионы атанған. Алайда спортшыға допинг қолданды деген айып тағылып, 2016 жылы ол екі дүркін Олимпиада чемпионы атағынан айырылған болатын. Бірақ Илья Ильиннің отбасы Лондонда алтын алған айтулы күнді ұмытпай, оған арнайы сыйлық жасады. 

Жұбайы Татьяна Гордиенко шоколадтан жасалған медаль пішініндегі тәттіні ұсынып, "сен біз үшін чемпионсың" деді. 

"12 жыл бұрын жарқын да мықты жеңіс болды. Оны менен ешкім тартып алмайды. Бұл біздің жеңісіміз болды. Менің жеңісім болды. Жақындарымның, туған-туыстарымның және еңбегімді бағалайтындар үшін жеңіс. Шарттар барлығына бірдей болды, мен жеңіске жеттім. Бәрімізді жеңісімізбен құттықтаймын, достар. Лондон 2012", - деп жазды Илья Ильин әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, Илья Ильин 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында чемпион атанған. 2016 жылдың 5 шілдесінде Лондонда топ жарған зілтеміршілер Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло чемпиондық атақтарынан айырылды. Бірақ Илья Ильиннің төрт дүркін әлем чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014), екі дүркін Азия ойындарының чемпионы (2006, 2010) атақтары сақталды.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды