SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, этникалық қазақ Тайлақ Нұражы Қытайда өтетін турнирдің басты кездесуінде жекпе-жекке шығады.
Кәсіби мансабындағы он үшінші жекпе-жегін өткізетін отандасымыз Shui Combat-1 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді. Тайлақ қазақстандық спортшы Кирилл Карпекинге қарсы жұдырықтасады. Тайлақ та, Карпекин де соңғы жекпе-жегін Ақсу қаласында өткен WKG & M-1 Global турнирінде өткізген. Тайлақ жеңіске жетсе, Кирилл ұтылып қалған еді.
Айта кетейік, Тайлақ Нұражы Naiza 57 турнирінде бразилиялық Дуглас Пуманы ауыр нокаутқа жіберіп, қазақстандық жанкүйерлердің жадында жарқын жеңісімен қалған еді.
RUS