Еліміздегі шетел университеті филиалдарында қазақ тілі мен тарихын оқыту міндеттеледі

05.08.2024, 14:59
1809
Еліміздегі шетел университеті филиалдарында қазақ тілі мен тарихын оқыту міндеттеледі sputnik

Енді Қазақстандағы шетел университеттері «Қазақ тілі», «Қазақстан тарихы» пәнін оқытуы міндет.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгінде Қазақстанда 27 шетелдік жоғары оқу орнының филиалы ашылған. Бұл туралы Kazinform жазды.

«Негізі «филиал» атауы көпшіліктің қабылдауына ыңғайлырақ болуы үшін қолданылады. Ал шын мәнінде бұларды «стратегиялық серіктестік» деп атау дұрысырақ болады. Көп жағдайда қазақстандық жоғары оқу орны негізінде шетелдік университеттердің оқу бағдарламаларын оқытатын бөлек бірлік құрылады. Бұл филиалдар ұлттық заңнамаға сәйкес Әділет министрлігінде есептік тіркеуге тұрады. Сонымен қатар, басқа ЖОО-нан тәуелсіз бөлек орналасқан филиалдар да бар, бұлардың бір бөлігі жеке заңды тұлға ретінде тіркелсе, басқалары есептік тіркеуге тұрады», - деп түсіндірді Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есінбаева агенттік жолдаған сауал жауабында.

Оның айтуынша, елімізде шетел университеттерінің филиалын ашуға екі жақтан да қызығушылық бар. Бастапқыда қазақстандық ЖОО шетелдік серіктестеріне филиал ашу туралы ұсыныс жасаған болса, соңғы уақытта кейбір шетелдік университеттер Ғылым және жоғары білім министрлігіне тікелей немесе қазақстандық университеттерге тиісті ұсыныспен келіп жатыр.

«Отандық және шетелдік университеттердің филиалдарының қызметі 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Білім туралы заңына сәйкес реттеледі. Шетелдік филиалдар ҚР жоғары білім заңнамасында көзделген стандарттар мен талаптарды сақтауға міндетті. Сондай-ақ, министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті бақылау жүргізеді. Сонымен қатар білім беру қызметі білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензия алу негізінде жүзеге асырылады», - дейді ол.

Елімізде ашылған шетелдік университеттер келесі талаптарды орындап, шарттарды қамтамасыз етуі тиіс:

- Білім беру бағдарламаларының тізілімге сәйкес келуі;

- оқытушылар құрамы;

- оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтылған кітапхана қоры;

- оқу корпустары мен үй-жайлары (аудиториялар, кабинеттер, шеберханалар, спорт залдары, студиялар, зертханалар, акт залы, кітапхана);

- білім алушылардың тамақтануын және медициналық қызмет алуын ұйымдастыру үшін қажетті жағдай;

- мұқтаж білім алушылардың тұруы үшін жағдайлар (жатақханалар/хостелдер/ қонақ үйлер);

- интернет;

- компьютерлік кабинеттер, компьютерлер, мамандандырылған лицензиялық бағдарламалар, оқу-зертханалық және материалдық-техникалық база, білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті жабдықтар.

«Сондай-ақ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша да қойылатын талаптар бар. Олардың негізгісі оқу бағдарламасына «Қазақ тілі» және «Қазақстан тарихы» пәндерін міндетті түрде енгізу. Одан бөлек, филиалдың профессорлар-оқытушылар құрамының жалпы санының кемінде 30%-ын шетелдік профессорлар-оқытушылар болуы тиіс. Әрине, филиалдарға жергілікті мамандар да тартылады», - дейді Ж.Есінбаева.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген