24 жылға сотталған Бишімбаев колонияда жұмысқа тұрса, қанша жалақы алады

05.08.2024, 16:09
847
24 жылға сотталған Бишімбаев колонияда жұмысқа тұрса, қанша жалақы алады Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түрмеде алатын айлығы белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жуырда Қуандық Бишімбаев колонияға ауыстырылды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі ол колонияда өндіріске жұмысқа тұру арқылы қанша теңге таба алатынын айтып берді. 

Ведомство өкілдері сотталғандарды мекемелердің өндірістік учаскелеріне жұмысқа орналастыру Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылатынын түсіндірді. Сотталушыны жұмысқа қабылдауға оның жазбаша өтініші негіз болады.

Жазасын өтеушілердің еңбегі екі формада – уақыт бойынша және келісімді жалақы түрінде төленеді.

"Сотталушыларға уақыт бойынша төленген кезде еңбекақы белгіленген тарифтік мөлшерлеме бойынша немесе нақты жұмыс істеген уақыты бойынша есептелінеді. Келісімді жалақы бойынша әр орындаған жұмыс немесе әр жасалған өнім үшін төленеді", - делінген хабарда.

ҚАЖ мекемелерінде немесе кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс істейтін бір сотталушының орташа жалақысы 25 мың теңгеден 200 мың теңге аралығында болады.

Ведомство өкілдері сотталушылардың жалақысынан заңда белгіленген мөлшерде (еңбекақы немесе өзге де кірістің кемінде 50 пайызы) ай сайын ұсталатын қосты. Шығынды өтеу тікелей сотталушының табысына байланысты. ҚАЖК ақпаратынша, бұл барлық жазасын өтеп жатқан азаматтарға қатысты қолданылады. 

Еске салсақ, бұған дейін Қуандық Бишімбаев уақытша ұстау изоляторынан қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге ауыстырылған болатын.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды