«Табысымнан нан апаруға қорқатын едім»: Бағлан Әбдірайымов қарызға кірген кезін баяндап берді

Аиса Махамбет Редактор
05.08.2024, 17:50
1452
«Табысымнан нан апаруға қорқатын едім»: Бағлан Әбдірайымов қарызға кірген кезін баяндап берді бейнежазбадан алынған кадр

“Жігіттер” тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға тәуелді болып, қарызға кірген сәтін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұрпақ подкастында өнер иесі қарыздан құтылу үшін отбасына өтірік айтқанын да жасырмады. 

“Күйеуі құмар ойынға салынса, әйелі бірден үйден кетіп қалады. Бала-шағаны жинап, қолын бір сілтейді. Өйткені ол кісіден болашақ көрмейді. Егер адам өзінің күйеуінің дұрыс емес жолда жүргенін көретін болса, бірінші кезекте бала-шағасының тәрбиесін ойлайды. Өйткені ол күнде концерт қойса, көшедегі нәрселерін үйде жасайтын болса, күнделікті үйге проблема кіргізе беретін болса, онда шынымен де бала-шағаның психологиясы бұзылады. Сондықтан кетіп қалудан басқа амал болмайды. Ал енді кейде әйел ер азаматының немен айналысып жүргенін білмей қалса, отбасыны сақтап қалуға болады", – деп бастады әңгімесін әнші. 

Сонымен қатар эстрада жұлдызы құмар ойыннан тапқан табысын үйге әкелуге қорқатынын жеткізді. 

“Менің келіншегім құмар ойынға тәуелді болғанымды кейін білді. Ол кезде әбден қарызға батқан кезім еді. Тіпті, отбасымды сақтап қалу үшін өтірік айттым. "Мен ойнап жүрмін, күшті екен, мен бүгін ұттым" деп айтсам жағдай басқаша болар ма еді. Бірақ тіс жарып, ештеңе айтпадым. Болары болып, бояуы сіңгеннен кейін ауылдан әке-шешемді көмекке шақырдым. Кемшілігің бар болса, оны ешқашан үйде отырып айтпа. Кейде бұл нәрсе сені құтқарып қалады. Осы нәрсенің дұрыс емес екенін, табысы да дұрыс емес екенін білеміз. Осы дұрыс емес табыстан үйге бір нан апаруға немесе басқа бір ас апаруға қатты қорқатынмын. Осындай кішкентай ғана ниетім отбасымды сақтап қалуға септігін тигізген шығар деп ойлаймын", – деді өнер иесі.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды