Астанада 5 балабақша меңгерушісі балалар тамағына бөлінген 35 млн теңгені «жеп қойған»

05.08.2024, 19:02
859
Астанада 5 балабақша меңгерушісі балалар тамағына бөлінген 35 млн теңгені «жеп қойған» azattyq

35 млн теңгеден астам қаражат бюджетке қайтарылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада 5 балабақша меңгерушілері және олардың көмекшілері балаларды тамақтандыруға арналған ақша қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Экс-балабақша басшылары мәзірге сәйкес қажетті азық-түлік көлемін көрсетіп, өтінімдер берген. Алайда, алдын ала өнім берушімен қылмыстық сөз байласып, олар толық жеткізілім туралы құжаттарға жалған мәліметтер енгізген. Қылмыстық схеманың бастамашысы және қылмыстық келісімнің тікелей ұйымдастырушысы бұрын сотталған олардың сыбайласы (өнім беруші) болған», - деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасы.

Прокурор сотталғандардың кінәсін дәлелдейтін барлық айғақтарды ұсынды. Сот үкім шығарды.

«Сот үкімімен балабақша меңгерушілеріне тағайындалған барлық мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, мәжбүрлі еңбекке тарту және мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салу жазасы тағайындалды», - делінген үкімде.

Ұқсас қылмыстар үшін өтелмеген соттылығы болған олардың сыбайласы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жымқырған 35 млн теңгеден астам қаражат бюджетке қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды