Желіде Париж Олимпиадасына қатысып, «киллер» атанып кеткен 51 жастағы спортшы танымалдылығы туралы

06.08.2024, 15:15
1260
Желіде Париж Олимпиадасына қатысып, «киллер» атанып кеткен 51 жастағы спортшы танымалдылығы туралы бейнежазбадан алынған кадр

Париж Олимпиадасында күміс жүлдегер 51 жастағы түркиялық атқыш Юсуф Дикеч желіде талқыға түсті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Юсуф Дикеч не себепті өзгелер сияқты арнайы киімсіз және шуды болдырмайтын құлаққап пен арнайы көзілдірік тақпағанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Сhampionat.kz дерегінше, Юсуф Дикеч бұрынғы әскери қызметкер екен. Ол жарыста арнайы спорттық құрал-жабдықтарды, құлаққаптарды пайдаланбай, кәдімгі көзілдірікпен шықты.

Оның қолын қалтасына салып, жайбарақат тұрғаны көпті күлдірді. Оны диваннан тұрып, жастарға сабақ көрсетуге келген әкемен немесе фильмдердегі киллермен салыстыра бастады. Адамдар оның түрінен түрлі мемдерді жасай бастады.

"Бұл – өзімді ең жайлы сезінетін және денемді ең тұрақты ұстай алатын позиция. Сырттан сабырлы болып көрінгеніммен, ішім алай-дүлей болып жатты. Бұл желіде сонша таралып кетеді деп ойламаған едім. Жеңіске жеткен досым, алтын иегері "Мен бірінші орын алдым, бірақ бәрінің аузында сенсің" деп күлді, – деді Дикеч.

Юсуф Дикеч 1973 жылы 1 қаңтарда Гексун қаласында дүниеге келген. Ұзақ уақыт Түркия Қарулы Күштері Жандармерия бас қолбасшылығында қызмет атқарып, аға сержант шенімен зейнеткерлікке шықты.

Әскери адам ретінде Дикеч жарыстарға шыққан. 2006 жылы ол әскерилер арасындағы әлем чемпионатында 25 метрге центрден оқ ату бойынша әлемдік рекордты жаңартты. 2013 жылы Жерорта теңізі ойындарында алтын мен күміс алды.

Юсуф өзінің алғашқы Олимпиадасына 2008 жылы барды. Содан бері ол бес ойынға қатысты. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды