Қазақстанда көліктің алдыңғы терезесіне тонировка рұқсат етілген бе – ІІМ жауап берді
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда көліктерді тонировкалауға рұқсат етілген бе деген сұраққа жауап берді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ведомство жол қозғалысы ережелеріне сәйкес көліктер техникалық регламент талаптарына сай болуы керегін айтты.
“Кеден одағының Көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті бойынша алдыңғы жақ көріну керек", – деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.
Kaztag дерегінше, полиция жүргізушілерге екі мәселе туралы айтты:
– Жүргізушінің алдыңғы көрінісіне кедергі келтіретін қосымша заттар немесе жабындардың тұруына жол берілмейді. Яғни пленка, перделер және жапсырмалар жабыстыруға болмайды. Бұл талап тек алдыңғы және алдыңғы бүйірлік терезелерге қатысты;
– Әйнекті дайындау кезінде ғана тонировкалауға рұқсат етіледі. Шыны шығарған компания оның жарық өткізгіштігін тексереді, ол кемінде 70% болуы керек және шыныға сертификат береді.
"Алдыңғы әйнек пен алдыңғы бүйірлік терезелерді қараңғылау тек көлікті өндіру кезінде ғана жүзеге асады. Бұл қауіпсіздікті және жүргізушілердің жолды жақсы көрінуін қамтамасыз етуге бағытталған", – деп түсіндірді ІІМ.
Материал авторы